Мемлекеттік тіл -ұлттың қазынасы
Қай ұлтта, қай мемлекетте болмасын тіл маңызды рөл атқарады. Адам баласының бойына ана тілі анасының ақ сүтімен дариды. Мемлекеттік тілді сол елдің төлқұжаты десек те болады. Әрбір елдің өзіне тән ерекшелейтін өз ана тілі, салт-дәстүрі, әдеп-ғұрыптары бар. Оның бәрі ата-бабамыздан келе жатқан сарқылмас қазына. Тіл жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының «Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек» деген жақсы сөзі бар.
Тілге деген құрметті алдымен әркім өзінен бастауы керек. Күнделікті қолданыста ауыз екі тілде ғана емес, техника тілін де өз ана тілінде қолданса, тілге деген сұраныс артады. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру – өз қолымызда. Қадыр Мырза Әлі ағамыз өлеңінде «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дейді. Көп тіл білу әрине қазіргі жаһандану дәуірінде даму жолында үлкен қажеттілік тудырып отыр. Алайда өз тіліңе деген құрмет сонша тілдің арасында жүрегіңде сайрап тұруы керек деп ойлаймын.
Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі, тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – ең керемет қатынас құралы. Қазақ тілі – әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Абайға дейін жыраулар, батырлар мен хандар, шешендер осы ана тіліміз арқылы дау шешіп, соғыстың бетін қайтарған.
Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір еліміздің азаматы мемлекеттік тілді білу міндетті.
А.Т.Мендалиев
Жаңақала аудандық сот
әкімшісінің бас маманы
сот отырысының хатшысы
[xfvalue_img]