Тіл- жүректің елшісі
Тіл – ұлттың жаны, рухы, оның бет-бейнесі. Ана тілін халық ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Тіл – ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдени-етінің бір бөлігі, сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап етеді. Ұлт болған жерде тіл, тіл болған жерде оның мәселесі де болады. Қазақ тілінің мәселесі өткен ғасырдың басынан бері қозғалып келеді.
Өз ұлтын, өз тілін сүймеген, өз ұлтын қадірлемеген адам басқаны да қадірлеп жаратпайды. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Басқа тілдің көбін білсек те, ана тіліміз олардан биік, жоғары тұруы тиіс. Тіл мәселесін шешетін уақыт болды. Оның кілті өз қолымызда. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - дейді Қадыр ақын.
Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен деймін. Тіл тазалығы өте маңызды. Конституцияда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Бұл жерде ешқандай да орыс тілі немесе ағылшын тілі деп жазылмаған. Әр мемлекет өз тілінде сөйлейді, ендеше біз де солай істеуге тиіспіз. Қазақ халқының асыл да дана перзенті, ана тіліміздің жанашыры Ахмет Байтұрсынов айтқандай, туған тіліміз – тұғырымыз екенін әсте ұмытпайық, ағайын. Ана тілі – қазақ тілі, бай мұрасын саф алтындай сақтап, аса қадір тұтып бізге мұра етті. Тіл – ұлт рухы.
Халқымыз «Тіл – жүректің елшісі, жүректен шыққан сөз жүректерге жол табады»,-деп жатады. Ендеше, Тәуелсіздігіміздің айғағындай болған туған тіліміз тұғырлы болсын.
Ақтөбе гарнизоны әскери сотының сот приставы Н.Қыдырғали
[xfvalue_img]
15 пікір