Әскери Соттарын материалдық қамтамасыз етудің оң нәтижелері

Әскери Соттарын материалдық қамтамасыз етудің оң нәтижелері

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі Әскери сотының департаменті Соттардың инфрақұрылымын дамыту бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі Әскери сотының департаменті туралы және Бөлім туралы ережелерді және басқа да нормативтік құқықтық актілерді қатаң сақтап, басшылыққа ала отырып жұмыс атқарып келеді.  

Бүгінгі күні еліміздің 6 өңірінде әскери соттар бар. Астана қаласында Қазақстан Республикасы Әскери соты, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты және Ақмола гарнизонының әскери соты, Алматы қаласында Алматы гарнизоны әскери соты, Ақтөбе қаласында Ақтөбе гарнизоны әскери соты, Семей қаласында Семей гарнизоны әскери соты, Шымкент қаласында Шымкент гарнизоны әскери соты орналасқан. Аталған соттарды материалдық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Әскери сотының департаменті соттардың инфақұрылымын дамыту бөліміне жүктелген.

Қазақстан Республикасы Әскери сотының департаменті соттардың инфақұрылымын дамыту бөлімі мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын құрады, өзгерістер енгізеді, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді, департамент теңгеріміндегі ғимараттар мен үй-жайлардың, сондай-ақ жай-күйін жергілікті соттардың әкімшілерімен бірге бақылауды жүзеге асырады, барлық әскери соттарға күрделі және ағымдағы жөндеулер жөніндегі бюджет қаражатының игерілуі туралы ақпаратты тоқсан сайын ұсынады, жергілікті соттардың әкімшілік ғимараттары мен үй-жайларын қабылдап өткізуді, сондай-ақ оларды уәкілетті органдарда тіркеуді және қайта тіркеуді жүзеге асырады, тұрғын үйді жекешелендіру жұмыстарын жүргізеді, жергілікті соттарды кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету жөніндегі өтінімдерді уақытылы орындайды, мердігерлердің жергілікті соттардың ғимаратын жөндеу жөніндегі шарттық міндеттемелерің орындауын бақылайды (техникалық қадағалау), тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізуді ұйымдастырады, барлық шарттарды, құжаттарды, төленген есептерді және  салыстыру актілерін тексереді және қолбелгі қояды, жүргізушілер мен қызмет көрсететін қызметкерлердің еңбек тәртібін бақылайды.

Қазіргі таңда жоспарға сәйкес жұмыстар уақытылы әрі сапалы атқарылып келе жатыр. Кемшіліктер мен ескертулер түспеді. Мемлекеттік сатып алудың интернет-ресурс және веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу жоспары уақытылы орындалып, соттар толық материалдық қамтамасыз етіліп отыр.

Бөлім қызметкерлерінің тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық көріністері орын алмағандығын әр бір қызметкердің адал еңбек етіп келе жатқандығының көрінісі. Бөлім қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін қатаң сақтауы бөлім жұмыстарының оң нәтижесін беріп отыр.

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі

Әскери сотының департаменті  Соттардың

инфрақұрылымын дамыту  бөлімінің басшысы  

Н.Қ.Сайлау

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.