Қарулы Күштердің жас толымы Әскери ант қабылдады.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде жас толымның Әскери ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
Еліміздің барлық өңірлерінен шақырылған 4000-нан астам мерзімді әскери қызметтің сарбаздары туысқандары, командирлері мен қызметтестері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлерінің көзінше Отанға адал болуға ант етті.
Әскери ант - жауынгерлердін Отанына, халкына, еліне өзінің әскери борышына адалдығын білдіретін серті. Әрбір жауынгер қарулы күштердің қатарына кіргенде әскери ант береді және ең жоғары және ардақты міндеттеме алады.
Ант қабылдағаннан кейін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ата-аналары әскери бөлімнің аумағын аралап, әскери асханаларда, әскери бөлімдердің аумағында болды, плацты, спорттық қалашықтарды, клубтарды, сыныптар мен өзге де объектілерді аралап шықты. Іс-шаралар концерттік бағдарламамен аяқталды.
«Ұлымыз үшін барлық жағдайлар жасалынған, казармалары жылы, асханалары жайлы, сардарлары да жақсы. Ұлымыз нағыз ел тірегі, қорғаушы болады деп сенемін! Ұлымызды мақтан тұтамын!» – дейді әскери қызметшінің анасы Ольга Спатаева.
[xfvalue_img]