Тіл
Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл жеке адам ойлап тапқан, туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті.
Тәуелсіздік алып, өз алдымызға жеке дара ел атанған күннен бастап ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады, ол талай тарих сынынан өтті, ғасырлардан ғасырларға сүрінбей жетті.
Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі оның бойында ұлттық болмыс, ұлтық рух, дәстүр мен салт жатады.
«Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тілінді құрметте», деп ақын Қадыр Мырза Әли жырлағандай өз ана тілімізді құрметтеуіміз керек.
Қазақ тілі – әлемдегі ең бай тіл, сөздік қоры мол. Мақал-мәтел, жаңылытпаш пен жұмбақтар, аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар бұл тілдің байлығының дәлелі. Қазір қазақ тілің дамытып, әлемдік тілдер санатына қосу біздің, өскелең жас ұрпақтың міндетіміз және борышымыз.
Бакишева Джамила
Батыс Қазақстан облысының
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының
бас маманы-сот отырысының хатшысы
[xfvalue_img]