«Гендерлік саясат және гендерлік тәрбиенің мазмұны мен мәні»
Гендерлік саясат – қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Бұл – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет екені белгілі.
Қазақстандағы гендерлік саясат ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты қоғамдық қатынастардың барлық салаларын қамтудан, сондай-ақ олар үшін тең мүмкіндіктерді белгілеуден тұратын кең және кешенді тәсілді көздейді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан гендерлік саясатты іске асыруда белгілі бір прогреске қол жеткізді. Ең алдымен, бұл әйелдер әлеуетін мақсатты дамытуда, еңбек қызметінде, саясатта және мемлекеттік басқаруда ерлер мен әйелдер тең көрінісі үшін жағдай жасауда, әйелдердің сапалы білім мен денсаулық сақтауға тең қол жеткізуін қалыптастыруда. Бүгінгі таңда Қазақстанда гендірлік және отбасылық-демографиялық саясаттың біртұтас институционалдық жүйесі қалыптасты, елеулі құқықтық база құрылды.
Гендерлік теңдікке қол жеткізу бағытында бағдаламалар, стратегиялар мен тұжырымдамаларды сапалы іске асыру үшін гедерлік сауаттылықты әрі қарай ілгерлеті қажет. Тең құқықтар мен мүмкіндіктер негізінде әйел адамдардың әлеуетін кеңінен пайдалану – тұрақты дамудың кепілі. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетте әр адам үшін тұлғалық жетілуге,и барлық азаматтың өз мүддесін еркін білдіруіне жағдай жасау маңызды.
Гендірлік саясаттың мақсаты – бөле жармай екеуіне де қоғамнан өз орнын табуына теңдей мүмкіндік беру. Қазіргі таңда маңызды мәселелердің бірі ретінде – гендірлік саясат болып табылады.
Қазақстандағы гендірлік саясаттың міндеттеріне әйелдер мен ерлердің билік құрамдарында тең дәрежеде қатысуына қол жеткізу сондай-ақ экономикалық тәуелсіздіктің барлық мүмкіндіктерін теңдей қамтамасыз ету, қызмет саласында алға басу, отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау.
Қорыта келгенде, гендерлік саясат – әйелдердің теңдігі және оларды кемсітуге жол бермеуді заң жүзінде бекітудің тәжірибелік құдылығы. Бұл әйелдер құқығын іс жүзінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Мұғалжар аудандық сотының
жетекші маманы А.Н.Жаксыбаева
[xfvalue_img]