Тілді өркендету – баршаның ісі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мемлекеттің құраушы ұлттық тілі негізінде қазақ тілі деп Конституцияның 7-бабында белгіленген.
Тіл - Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі, бабаларымыздан аманат болып келе жатқан күмбезді тілімізді саф күйінде келер ұрпаққа жеткізу біздің перзенттік парызымыз. Тіл саясатының басты міндеттерінің бірі – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру болып табылады. Қазақ болып, өз тілімізді қастерлеп, өркендету басты ісіміз, қазақ тілі ұлтымыздың биік тұғыры.
Қазақ тілі әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал, тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүниежүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. «Қазақ тілі – қазақ халқының рухани байлығы, болмыс-бітімі, қадір-қасиеті, тіпті жаны.
Мемлекеттік тілімізді дамыту мақсатында, сот жүйесінде барлық соттарға құжат айналымын мемлекеттік тілде жүргізу қолға алынған. Тілді қастерлеп өркендету мақсатында құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесін 100 пайызға жеткізу бақылауға алынып, үнемі іс-шаралар өткізілуде.
Айта кету керек, Бөкей ордасы аудандық сотымен мемлекеттік тілді дамыту мақсатында 2023 жылы 9-іс шара өткізіліп, 8-мақала баспасөз бетіне жарияланған. Әр халық өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды, елінің мәдениетін жасайды, келешек ұрпаққа түйген тұжырымдарын жеткізеді. Қазақ тілін өркендету мақсатында өз үлесімізді қоссақ нұр үстіне нұр жауар еді.
Зияш Зайнуллина
Батыс Қазақстан облысы Бөкей Ордасы ауданы
сот әкімшісінің басшысы
[xfvalue_img]