Сот приставының сот жүйесіндегі ролі
Сот приставы – сот отырысы кезiнде, сондай-ақ сот орындаушылары атқарушылық iс-әрекеттер жасаған кезде залда қоғамдық тәртiптi сақтауға, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын бақылауға, iс жүргiзу әрекеттерiн орындауда сотқа жәрдемдесуге, сот ғимараттарын күзетудi қамтамасыз етуге, судьялардың және процестiң басқа да қатысушыларының, сондай-ақ атқарушылық iс-әрекеттерiн жасау кезiнде сот орындаушыларының, осы iс-әрекеттерге қатысатын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соттардың және басқа органдардың орындаушылық құжаттарын орындауға мәжбүр етуде сот орындаушыларына жәрдем көрсететін лауазымды тұлға.
Сот приставтары сотқа келуден жалтарған адамдарды сот орындаушысына немесе атқарушылық iс-әрекеттер жасалатын жерге күштеп алып келудi Заң негізінде жүзеге асырады.
Кейбір жағдайда сотпен немесе сот орындаушымен шақырылып отырған адамның туыстары немесе жақындары, ол адамның заң алдындағы жауаптылықтан жалтарып кетуіне жағдай жасап, оның жасырынып қалуына жәрдемдесетін жағдайларда орын алып отыратыны белгілі. Бұндай жағдайда, сот приставы iшкi iстер органдары қызметкерлерiнен, ал әскери соттың сот приставы әскери қолбасшылықтан көмек сұрауға құқылы.
Ал, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi өздерiне заңмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру шегiнде сот приставына көмек көрсетедi.
Cот приставтарының құқық қорғау органдарының және әскери бөлiмшелердiң қызметкерлерiмен өзара iс-қимылы аталған органдардың басшылары бекiткен өзара iс-қимыл жөнiндегi тиiстi заңға тәуелдi актiде көзделген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
Сот приставының заңды талаптары барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi. Азаматтардың сот приставының заңды талаптарына түсіністікпен қарағандары өте орынды болар еді.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының аға сот приставы Д.А. Давыдов
[xfvalue_img]