Жеке адамға қарсы қылмыстардың алдын-алу түсінігі
Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің ерекше бөлігіне 1-тарауда қамтылған.
Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың қылмыстық кодекстің 1 тарауынан орын алуы, қылмыстық заңнамамен қорғалатын ең жоғары және шынайы құндылық тек адам өмірі, денсаулығы, оның еркін жүруіне ажыратылмас құқықтары, ары, абыройы, жыныстық тиіспеушілігі мен жыныстық бостандығы болып табылатындығы.
Адам өмірі, әлеуметтік құндылықтың негізін қалаушы, ең маңызды, табиғатпен берілген игілік болып анықталады. Адам өміріне қарсы қылмыс жасау кезінде, қалпына келтірілмейтін немесе орны толтырылмайтын салдары орын алады: адам өмірін жоғалту ешқашанда, ешқандайда бір амалдармен қайта қалпына келтірілмейді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2 бабы 1 тармағына сәйкес, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу қылмыстық заңнаманың міндеті болып табылады.
Адам өмірі, әлеуметтік құндылықтың негізін қалаушы, ең маңызды, табиғатпен берілген игілік болып анықталады. Адам өміріне қарсы қылмыс жасау кезінде, қалпына келтірілмейтін немесе орны толтырылмайтын салдары орын алады: адам өмірін жоғалту ешқашанда, ешқандайда бір амалдармен қайта қалпына келтірілмейді.
Соңғы жылдары адамдардың құқық қорғау органдары қызметіне сенім деңгейінің біршама төмендеуі байқалады, өз кезегінде бұл қылмыстылық күйінде бірден өз көрінісін алып жатады және ол профилактикалық сипатындағы шұғыл, әрі тиімді шараларын қабылдауды талап етеді. Бір аймақтағы түрлі субъектілерінің жеке адамдарға қарсы қылмыстарды алдын-алу қызметті, жалпы мемлекет ішіндегі қылмыстылықты алдын-алу жүйесін қалыптастырады. Сонымен, осы бағыт бойынша теориялық және қолданбалы зерттеуледі жүргізудің қажеттілігі өзекті және мақсатқа сай екендігі анық.
Осыны негізге ала отырып қазіргі заманғы жеке тұлғаға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтардың жағдайы осындай қылмыстарымен күресу мәселесін алдынғы қатарға шығаруда.
Адамзат тарихында қылмыс пен қылмыскерлерсіз өткен бірде бір кезең болған емес, және қылмыстылықты толығымен жеңуді жоспарлау және қандайда бір міндет қою аңғалдық болар.
Ал енді, осындай құбылыстар мен оған қарсы күреспен қоғамның тұруы мәселесі мүлдем басқа әңгіме. Қылмыстылыққа қарсы күрестің әлсіреуі, және одан сорақысы, осындай күресудің жоқ болуы қылмыстылықтың ретсіз өсуіне және қоғамның криминализациялануына әкелетіндігін бүкіл адамзатың өткен тарихы дәлел етіп көрсетіп отыр.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты.
Ожаева Салтанат Мұхтарқызы –бас маман, сот мәжілісінің хатшысы
[xfvalue_img]