Мемлекеттік қызмет әдебі- қоғам айнасы
Мемлекеттік қызметші болу,бұл адамдармен тең қарым-қатынаста болу, кез келген жағдайда жол таба білу, өз ісін басқара білу. Әр мемлекеттік қызметшінің мінез құлқы өзін ұстау мәнері, ортамен амандасудан басталады. Мемлекетке адал қызмет ету өз елінің жанашыр патриоты болу, ең үлкен абырой.
Мемлекетке адал болып қызмет жасау және патриот болу егіз ұғымды білдіреді. Мемлекеттік қызмет мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарға биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызметшінің басты қызметі болып табылатын адамдармен қарым-қатынастағы басшылық –қоғамның басты өндіруші күші –адамдармен «адам факторымен» жұмыс істей білушілік. Мемлекеттік қызметшінің міндеті өзінің атқарып отырған кәсіптік қызметін орындауда адамдар арасында дұрыс көқараста болуы қажет,өзіне тиесілі атқарып отырған міндетінен шектен тыс шықпауға,бағынышталар мен келушілерге сыпайы болып, шыдамдық танытуға міндетті.
Әрбір мемлекеттік қызметшінің шыншыл болуы оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады, әдептілік бейнесіне жоғары талап қойылады, мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде.
Мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруды, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тайымдарды сақтауы, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру және жол бермеу керек. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметте өз қызметінің барлық жауапкершілігін толықтай сезініп, қызмет амалдарын жетік меңгеріп, өз ісінің білікті маманы болуы қажет. Ұлт мәртебесін көтеретін, халықтың сенімін ақтайтын,ел абыройын асқақтатын мемлекеттік қызметші болу басты мақсатымыз.
БҚО, Бөкей ордасы аудандық соты әкімшісінің басшысы
Зияш Зайнуллина
[xfvalue_img]
1 пікір