Мемлекеттік қызметшінің міндеті еліне адал қызмет ету
Мемлекетке адал қызмет ету өз елінің жанашыр патриоты болу. Еліне, мемлекетке адал қызмет етудің өзі ең үлкен абырой. Жалпы алғанда мемлекетке адал болып қызмет жасау және патриот болу егіз ұғымды білдіреді. Мемлекеттік қызмет мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарға биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызметшінің міндеті өзінің атқарып отырған кәсіптік қызметін орындауда адамдар арасында дұрыс көқараста болуы қажет, өзіне тиесілі атқарып отырған міндетінен шектен тыс шықпауға, бағыныштылар мен келушілерге сыпайы болып, шыдамдық танытуға міндетті. Әрбір мемлекеттік қызметшінің шыншыл болуы оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады, әдептілік бейнесіне жоғары талап қойылады. Мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруды, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тайымдарды сақтауы, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру және жол бермеу керек. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметте өз қызметінің барлық жауапкершілігін толықтай сезініп, қызмет амалдарын жетік меңгеріп, өз ісінің білікті маманы болуы қажет. Мемлекеттік қызмет-билік пен халық арасын байланыстырушы буын болып табылады және халық үшін қызмет жасауға тиісті. Мемлекеттік қызметші-қоғамның айнасы, өз елінің патриоты екенін сезініп, ел абыройын асқақтататын мемлекетке адал қызметші болуы қерек деп санаймын.
БҚО, Бөкей ордасы аудандық соты әкімшісінің басшысы
Зияш Зайнуллина
[xfvalue_img]
20 пікір