Адам құқығы - конституциялық құқықтың маңызды институты
Адам құқығы - конституциялық құқықтың маңызды институты. Мемлекет ішіндегі құқық, сондай-ақ халықаралық құқықта ХХ-ғасырдың екінші жартысында ерекше дамыды.
Адам құқықтары адам жарық дүниеге, өмірге шырылдап келген сәттен бастап пайда болады. Адам құқықтары адамның өз мүдделерін заң шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігі. Ол табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтары дегеніміз - адамның тіршілік етуінен туындайды: өмір сүру, еркіндікке жету құқықтары. Әлеуметтік құқықтар дегеніміз - ол адамның мемлекетпен өзара әрекеті процесінде пайда болатын құқықтар. Мысалы білім алуға, еңбек етуге, еркін жүріп-тұруға, мүліктерді иеленуге.
Қоғамдық қарым-қатынастарға құқықтық нормалардың тиімді әсер етуді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың құқықты қолдану қызметінде сот билігін жүзеге асырушы болып табылатын сот жүйесіне үлкен рөлі берілді.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының 8-бабында тәуелсіз және әділ сот арқылы істің әділ және ашық қаралуын талап етуге құқық бекітілген, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясымен әркімнің сот арқылы қорғалуына құқығы бар екендігі көрсетілген.
Адам құқығы – адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заңмен қорғалатын ең жоғарғы демократиялық құндылық. Сондықтанда әрбір адам өзінің де, басқаның да осы құндылығын бағалай білуі және оған ешқандай да зиян келтірмеуі керек.
Н.Агасылова
Ақтөбе гарнизоны әскери соты әкімшісінің бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы
[xfvalue_img]
20 пікір