Ажырасу баланың болашағына балта шабу
Қазіргі уақытта жастарымыз бүгін үйленіп, ертенгі күні ажырасып, баланы әкесіз өсіруді әдетке айналдырғаны қынжылтады. Кейбір жастар ажырасуды талап етіп, алимент қажет емес балаларымды өзім асыраймын, тез арада айыруды сұрап сотқа арыз береді.
Ақылға салынбай, асығыстық жасап баланы асырауға қиындық туған кезде, алимент қажеттігі естеріне түсіп қайта сотқа арыз бере отырып, бірден алимент алуды талап ететін арыз берушілерде кездеседі.
Алайда алимент балаға әке бола алмайтынын ескерсе, баланың әкесіз өсіп, оның болашағы қандай болады деген ой келеді.
Әйелдердің көпшілігі баланың әкесіз өсіп ыңжық болып, жалтақтап өсетінін, кейінгі өмірінің қандай болатынын ойламайтыны тағы бар. Кейбір жеңіл жүрісті әйелдердің жасқа толмаған кішкентай балаларының барына қарамастан, өзге адамға тұрмысқа шығып кетіп жатырғандары кездесіп жатады.
Ауданымызда неке бұзу деректері азайма отыр, статистикалық деректерге тоқталсақ 2023 жылдың бірінші тоқсанында отбасылық дауға қатысты 9 азаматтық іс бойынша 9-ның некесі бұзылса, өткен жылдың бірінші тоқсынымен салыстырсақ 4-нің некесі бұзылған. Ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушілік салдары ажырасуға әкеледі, арты дауға айналып, балалардың мүддесі де аяқасты болады.
Ата-бабамыз ешқашан жетім мен жесірін жылатпаған! Ажырасу дегенді ар санаған. Әке алдына шықпаған ана мен бала тәрбиесі мықты болатын отбасының берекесі отағасынан танылатын. Сондықтан отбасының ынтымақтығын сақтап,балалардың болашағын жарқын етуге ерлі-зайыптылар бірдей күш салысып, балаларының болашағы үшін отбасын сақтаса жақсы балар еді деген ой келеді.
Зияш Зайнуллина
Бөкей ордасы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі
[xfvalue_img]
28 пікір