Неке бұзылды – балалық шақтың құныкері кім?

Неке бұзылды – балалық шақтың құныкері кім?

Отбасы қоғамда үлкен рөл ойнайды. Ер азаматқа да, әйел адамға да басқа өмірлік серік табылар, ал балалардың мәселесі не болмақ? Баланың болашағын оның өмірлік қиындықтары, ұрланған бақытты балалығына ертен кім жауапты?

         Отбасылық жанжалдардың кесірінен көбіне балалар зардап шегіп жатады. Ерлі-зайыптылардың арасындағы өзара түсініспеушіліктерінен туындаған қателіктер балалардың көз алдында өтуде. Ал кейбір ата-аналар балаларын бір-біріне қарсы қойып жатады. Әр балаға ата-ананың мейірімі мен сүйіспеншілігі аса қажет. Әсіресе жас балалар анасынан алшақтамауы керек, бұл заңмен де реттелген.

         Алайда, күн санап отбасылық дау-дамай көбейіп барады. Ауданымыз шағын болғанымен жастардың отау құруы жыл санап артсада, ерлі-зайыптылар арасында болмашы кикілжің туындай қалса, отбасында сәби барын ескермей, баланы бетке ұстап сотқа ажырасуға арыз беріп, тез айырып берумен жүгінетіндері де бар.

         Арыз беру барысында тараптарға медиатордың көмегіне жүгіну немесе татуласу мүмкіндіктері түсіндіріліп жатады. Некені бұзу себебін нақтыласақ, мінезіміз жараспады, енем күн көрсетпейді, жолдасым үйге келмейді, табыс таппайды деген сөздерді көп естиміз.

         Кейбір аналардың  шыдамы таусылып, ажырасу үшін амалсыздан сотқа жүгініп, балаларын сүйрелеп, баратын жері болмай, қиналып  отырғанын да көреміз. 

                Айтар болсақ, сотқа түскен неке бұзу туралы талап арызда 11.09.2017 жылы заңды неке отырған  талап қоюшы Т.-ның бір қыз, бір ұл баласы бар екен, жауапкер М.-мен бірге тұруға мүмкіндіктің жоқтығын айтып, сол себепті соттан некені бұзуды сұрады. Жауапкер М. болса негізінен некені сақтап қалғысы келген. Алайда сотпен татуласу үшін 1 ай мерзім берген уақытта араларында ешқандай татуласу болмаған, ал талап қоюшы некені бұзуды талап етіп отырғанын, сол себептен некені бұзуға қарсы емес екенін, қазіргі уақытта орталарында дүние-мүлік жөнінде және балаларды асырап-бағуға қатысты даулары жоқ екенін айтты. Сот шешім қабылдап, талап қоюшының талап-арызы қанағаттандырылып,  тараптар арасындағы некелері бұзылып, балалары анасының тәрбиесінде қалдырылды.

   Бұл тек ер адамдарға қатысты емес, әйелдер жағынанда көптеген кемшіліктер кездеседі. Тез арада некені бұзу туралы арыз ұсынып, алимент талап етпеймін, өзім балаларды асыраймын деп  тұрады. Ашуға беріліп, сотқа келгенде судан таза болып, баланың әкесін жоқтың есебіне кіргізіп, сыйламаушылық танытып жатады. Алайда, жүрісті жақсы көретін кейбір аналарға  тоқталсақ, отбасына, балаларына қарамай азғыншылыққа салынуда. Өкініштісі екі ортада балалар зардап шегіп, екі-үш ай өткен соң әйелдер алиментке арыз беруге сотқа жүгінеді.

Қазіргі жастарымыз  сабырлы болып, бір-біріне түсінікпен қараса, қамшының сабындай қысқа өмірде, заманымыздың тыныш уақытында балалар  әкесіз өспес еді. Әр шаңырақта үйдің берекесін келтіретін әйел адам, сол себепті қолда бар алтынның қадірін білу қажет.

БҚО, Бөкей ордасы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі                                                                                                             Зияш Зайнуллина

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.