Сот істерін  қарауға дейін ресімдеу және адамдардың сотқа  келуін қамтамасыз  ету

Сот істерін қарауға дейін ресімдеу және адамдардың сотқа келуін қамтамасыз ету

Сіздер бір сәтке болса ойландыңыздар ма, соттарда күн сайын өткізіліп жатқан процесстер қалай дайындалады және ұйымдастырылады? – деп?

Осы мақала арқылы, жалпы халыққа осы сұраққа жауап беруге тырысайық. Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережелері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының өкімімен бекітілген. Осы құжаттың 7-тарауында сот істерін  қарауға дейін ресімдеу және адамдардың сотқа  келуін қамтамасыз  ету тәртібі мен ережелері анық көрсетілген.

Бастапқыда сот отырысының хатшысы істі дайындаған кезде жауапкерге және процеске басқа да қатысушыларға арыз көшірмелерін, сот талқылауына шақыруды, арызды қарау нәтижелерін ұялы байланыс абоненттік нөміріне немесе электрондық адресіне жіберуді көздейтін талапкердің арызы бойынша талонды толтыруды ұсынады. Егер келісім алынған жағдайда жоғарыда аталған соттың хабарламалары мен шығыс хаттары электронды түрде жолданып отырады, басқа жағдайда тиісті тізімдемеге сәйкес тапсырыс поштасы, гибридты электроны пошта немесе шабарман арқылы жеткізілуге тиіс.

Қарауға тағайындалған істер бойынша сот отырысының хатшысы процеске қатысушыларды және үшінші тұлғаларды, куәларды, сарапшыларды, мамандарды, аудармашыларды шақыру туралы соттың шақыру кағаздарын жібереді. Соттың шақыру кағазында сот отырысының өтетін уақыты (сағаты, күні) мен орны көрсетіледі. Шақыру қағазы СМС арқылы жолданған жағдайда оның соңында қағаз түрінде шығарып алуға мүмкіндік беретін код көрсетіледі.

Басты сот талқылауын тағайындау сатысында, егер заң тұғырында сотталушының қорғаушысы болуы міндетті болса, оған қорғаушыны қамтамасыз ету туралы меселе шешіледі. Бұл жағдайда судья тиісті қаулы шығарады, ал сот отырысының хатшысы облыс, республикалық маңызы бар қала, елорда адвокаттар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне сот актісінің көшірмесін жібереді.

Үй  қамауындағы (ҚПК 146-бабы) немесе қамауға алынған (ҚПК 147-бабы) сотталушыға қатысты сот үй қамауында ұсталатын адамға қадағалауды жүргізіп отырған органға немесе лауазымды тұлғаға, ал қамауға алынған адамға қатысты тергеу изоляторына сотталушыны сот отырысына жеткізу туралы талап жібереді.

Бұл төңіректе хабарландыру нысанын дұрыс таңдау қажет. Сот хабарландырулары мен шақырулары почта, (ГЭП), курьер, телеграф, факсимильды байланыс, ұялы байланыс абоненттік нөмірі, электрондық құжат айналымы жүйелері, немесе хабарландыруды не шақыруды қамтамасыз ететін өзге байланыс құралдары пайдалану арқылы жіберіледі. Хабарландыру нысанын таңдау кезінде шықырылып отырған адамның сотқа уақытылы келуін қамтамасыз ететін және сот хабарландырулары мен шақырулардың қайталануын болдырмайтын барынша оңтайлы нұсқасы пайдаланылады.

Шетелде тұратын және Қазақстанның немесе шетел ұйымдарында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының атына жазылған сотқа шақыру қағаздары және басқа да құжаттар осы мәселелерді реттейтін заңнамаға сәйкес оларды шетелге жіберген ұйымдар арқылы жіберіледі.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетел
азаматтарына сотқа шакыру туралы хабарландыру жіберіледі. Қазақстан Республикасының өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарты бар мемлекет аумағында тұратын шетел азаматына істі қарау туралы хабарландыру басқа мемлекеттікң аумағында процессуалдық және өзге әрекеттерді орындау жөніндегі құқықтық көмекті көрсету туралы тапсырмамен бірге жіберіледі.

Сот отырысының хатшысы сотқа шақыру қағаздарының алынғанын куәландыратын қолхаттардың қайтарылуын, ұялы байланыс абоненттік нөмірі бойынша, электрондық адрес бойынша, СО АЖ арқылы жіберілген электрондық хабарламалардың жіберілуін бақылайды.

Сот хабарландырулары мен шақыру қағаздары сот отырысында істі талқылау тағайындалғаннан кейін істі тыңдау қандай мерзімге тағайындалғанына қарамастан келесі күннен  кешіктірілмей дайындалып, жіберілуге тиіс. Басты сот талқылауын тағайындау туралы шешім қабылданған алдын ала тыңдауда қаралған істер бойынша сотқа шақырулары тыңдаудан кейінгі келесі күннен кешіктірілмей жіберіледі.

Сот шақыруы, хабарландыру немесе шақыру адресатқа табыс етілмеген не ұялы байланыс абоненттік нөмірі немесе электрондық адрес бойынша жеткізілмеген болса, сот отырысының хатшысы ондай деректер түскеннен кейін дереу себебін анықтауға және ол туралы іс өндірісінде болған судьяға ол туралы баяндауға тиіс. Сот ісін жүргізуге қатысушыларды хабарландыру, сотқа шақыру жөніндегі кейінгі шаралар жалпы тәртіпте қабылданады.

Шақыруларды, хат-хабарларды жөнелту және жеткізу туралы хабарландыруларды табыс ету, оның ішінде почта, курьер, телеграф, телефон, факсимильды, электрондық байланыс арқылы жеткізілгені туралы  барлық  қолхатар іс материалдарына тіркелуге жатады.

Істі тыңдаудың алдында сот отырысының хатшысы сотқа шақырылған тұлғалардың келуін, қамауға алынған сотталушылардың жеткізілуін тексеріп, олардың келмеуі себептерін анықтап, судьяға баяндауға міндетті.

Осылайша бір сот отырысын өткізу үшін біршама іс-әрекеттер жасалып негізді дайындық жүргізіледі.

 

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы                          

Г.Т.Есбергенова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.