Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Сот жүйесінде ақпараттық технологиялар белсенді қолдануда. Мысалы, қазіргі таңда республика соттарында сот процестері аудио-бейне тіркеу жүйесімен өткізіледі. «Аудио-бейне тіркеу жүйесі» сот процестерін техникалық тіркеуге арналған: оқиғаның басталуы, оқиғаның атауы, қатысатын адамдар және қысқаша түсініктер, соттың құрамы туралы мәліметтер, істің нөмірі және т.б. хронологиялық кезеңділікпен көрсетілетін сот отырысының қысқаша хаттамасын жасау АБТ жүйесі жұмысының нәтижесі болып табылады.
АБТ жүйесінің функционалдылығына келер болсақ, сот отырысын цифрлы аудио-бейне жазып алуға, сот отырысының қысқаша хаттамасын жасауға мүмкіндік туып отыр. Аудио-бейнетіркеуді жүргізер алдында сот отырысына қатысушылар бойынша деректер енгізу мүмкіндігі, облыстық соттардың локалдық серверінде және Жоғарғы Соттың орталық серверінде аудио-бейне файлдарды және ілеспе ақпараттардың сақталуына жол беріп отыр. Сот органдарының (сот ісін жүргіу бөлігінде) ақпараттық жүйелермен және «Сот кабинеті» секілді басқа да ақпараттық жүйелермен интеграция жүргізілген. Аудио-бейне файлдарға қолжетімділік тиісті құқықтары бар веб-браузер және есептік жазба арқылы сот органдарының корпоративтік желілеріндегі кез-келген компьютерден қамтамасыз етіледі, жүйеде файлдарға санкцияланбаған қолжетімділік мүмкіндігін болдырмайтын рұқсат құқығының ара-жігі ажыратылады.
Жүйелердің шешуші артықшылығы аудио- және бейнежазбаны синхронды жазып алу, жасалған жазбаларды синхронды түрде тыңдау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл сот залында өтіп жатқан әрекеттер туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Көшпелі отырыстарды қамтамасыз ету үшін ұтқыр кешенді ұйымдастыру мүмкіндігі АБТ жүйесінің орталықтандырылған құрылымы.
Процестің жазбасын жазу режимінде де, сақтау режимінде де өзгертуден және бұрмалаудан қорғау жүйенің сенімділік деңгейінің көрсеткішін білдіреді.
Осы жүйе Украина, Беларусь, Ресей және Сингапур т.б. елдер сияқты түрлі елдердің сот жүйелерінде аудио-бейнетіркеудің қолданыстағы әлемдік тәжірибесін ескере отырып жасалды.
Сонымен қатар сот жүйесінде «Сот кабинеті» қосымшасы пайданалуда. Сервис арқылы азамат, оның өкілі немесе адвокат өзіне қолайлы кез келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан, интернет желісі арқылы арызды (өтінішті), шағым және наразылықты электрондық түрде жолдауға, мемлекеттік бажды онлайн режимде төлеуге, сот құжатын, сондай-ақ істің орындалуы деңгейін көруге және сот актісін басып шығаруға, сонымен қатар процессуалдық мерзімдерді қадағалауға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, сот процесіне қатысушының өздігінше істі қараудың процессуалдық мерзімдерінің бұзылмауын қадағалауға, ал бұзылған жағдайда сот жұмысындағы кемшіліктерді жедел жоюға көмектесе алатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1401 Бірыңғай Call-орталығына қоңырау шалуға және хабарлауға мүмкіндігі бар.
Осылайша, «Сот кабинетінің» тұтынушылар сотқа белгілі бір күнге және уақытқа тағайындалған отырысқа немесе дайындық рәсіміне барады, сөйтіп өз уақытын, егер сот шалғай ауданда немесе тіпті басқа қалада орналасқан болса, жол жүруге кететін қаражатын үнемдей алады.
Тогайбаева Д.К.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының бас маман-сот хатшысы
[xfvalue_img]
21 пікір