Әкімшілік әділет - сот ісін жүргізудің дербес түрі

Әкімшілік әділет - сот ісін жүргізудің дербес түрі

Азаматтық қоғамы әлсіз, ал атқару билігі күшті мемлекетте «өкімет ақымақ емес», «өкімет біледі» деген ұстаным басымдыққа ие.

Әкімшілік-әміршілік идеология бұғауынан босанып шыққан біздің елде мұндай көңіл-күймен өмір сүргені жасырын емес.

Дей тұрғанмен, уақыт көшіне ілескен отандық құқықтық жүйеміз тәуелсіздік жылдарында кемелдене түсті.

Қоғамның да билікке талабы күшейді. Азамат (бизнес) пен мемлекеттік органдар арасында туындайтын даулардың орын алуы жиіледі.

Сондықтан билік органдарының заңсыз әрекеттерінен азаматтардың құқығын қорғайтын тиімді әкімшілік әділет жүйесін құру қажеттілігі туындады.

Алғаш рет әкімшілік әділет термині саяси және заңнамалық деңгейде Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылғы дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында қолданылды.

Содан бері талқыланып, мемлекет басшысымен 2020 жылдың 29 маусымында ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСКЕ қол қойылды.

Күшіне ӘРПК 2021 жылдың 01 шілдесінен бастап енді.

ӘРПК-ті «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» мықты тірегі ретінде қабылдауда.

Айта кету керек, тұңғыш рет бір заңнамалық актіде әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізуді реттейтін құқықтық нормалар жүйеленіп, біріктірілді.

Билік пен азамат (бизнес) арасында туындайтын дауды қараудың негізгі қағидаттары, ережелері бекітілді.

Бұдан бөлек, ӘРПК көптеген прогрессивті жаңалықтарды қамтиды.

Сөзсіз басты жаңашылдықтардың қатарында - әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асатындығы.

Жария-құқықтық даулар бойынша сот іс материалдарымен шектеліп қана қоймай, өз бастамасымен дәлелдемелер жинауға, тіпті туындайтын кейбір мәселелерде өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы.

Себебі тұтастай заңгерлер штаты бар, өз саласын жетік білетін мемлекеттік орган мен құқықтық көмек жалдауға мүмкіндігі бола бермейтін азамат сотта тең жағдайда емес.

Мемлекеттік аппарат пен азаматтың мүмкіндіктері салыстыруға келмейді.

Мінекей, әкімшілік әділеттегі белсенді сот рөлі осы теңсіздікті жоюға бағытталған.

Сондай-ақ, Кодексте «әкімшілік талап» қоюдың түрлерін түсінікті етіп жіктегені көзге түседі. Олар:  1) дау айту туралы; 2) мәжбүрлеу туралы; 3) әрекет жасау туралы; 4) тану туралы.

Осы ретте соттың алдын ала құқықтық салдарын түсіндіре отырып, әкімшілік талапты нақтылауды ұсынуға құқығы бар екенін ескерген жөн. 

Бұл бірыңғай, әрі түсінікті сот тәжірибесінің қалыптасуы мен болжануы мүмкін емес шешімдердің тыйылуына әкеледі. 

ӘРПК «әкімшілік орган» түсінігін бекітті, оған мемлекеттік органдар мен қатар басқа да мемлекеттік басқаруға қатысты уәкілеттігі бар субъектілер, өзін-өзі басқару органдары кіреді.

Сонымен бірге, жеке сот орындаушылардың да әрекеті әкімшілік әділет аясында қаралатынын  ерекше атап өту қажет.

Инвестициялық тартымдылықты арттырып, бизнес орта мен азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайту үшін әкімшілік әділет жүйесімен дәлелдеу жүктемесі әкімшілік актіні қабылдайтын әкімшілік органға жүктелген.

Бұған қоса, әкімшілік органның кінәлілік презумпциясы әрекет етеді.

Басқалай айтқанда, жария-құқықтық дауларда әкімшілік орган өзін кінәлі сезініп, өзінің дұрыстығын әрдайым дәлелдеуге міндетті.

Барлық күмәндар, қайшылықтар әкімшілік рәсімге қатысушының пайдасына түсіндіріледі.

Мұндай пәрменмен әкімшілік әділет құрылымы мемлекеттік органдардың халыққа, бизнеске деген қатынасын қайта қарауға мәжбүрлеп, шенеунікті тәртіпке шақырады. Өз саласындағы мәселелер бойынша құзыреттілігін, біліктілігін арттыруға итермелейді.

Бұны бізге дейін әкімшілік әділет жүйесін енгізген посткеңестік мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отыр.

Мысалға, Латвия 2004 жылы әкімшілік әділет құрылымын енгізген. Бастапқы бес жыл ішінде мемлекеттік органдардың әрекеттерінің басым бөлігі сотпен заңсыз деп танылып отырған. Мемлекеттік органдар пайдасына шығарылатын шешімдер 70 %-тен, 30-%-ке дейін азайған. Бірақ осы бес жылдың ішінде Латвияның мемлекеттік органдары өз қызметін жөнге келтірген, сөйтіп оларға қатысты шағымдар саны он мыңға дейін азайған. Себебі әрбір расталған шағым үшін латыш шенеунігінің тәртіптік мәселесі қаралған, ал мемлекет өзінің заңсыз актісі салдарынан азаматқа келтірген барлық шығындарды өтеп отырған. 

Заң шығарушы әкімшілік әділетте сот актілерін орындаудағы сот бақылауы институтын енгізді.

Сот актісін орындауда тиянақтылық танытпаған шенеунікті жауаптылыққа тарту мәселесі реттелді.

Енді ӘРПК бойынша сот шешімін уақытылы орындамаған шенеуніктің 100 АЕК (қазір 1 АЕК – 3 063 теңге) дейінгі сомаға қалтасы қағылуы мүмкін.

Мұндай ақшалай өндіріп алу шарасы соттың талабы орындалғанша бірнеше рет сотпен қолданылу мүмкіндігін назарда ұстаған жөн.

Тағы бір революциялық норманың қатарына жария-құқықтық даудың татуластыру рәсімдері арқылы шешілуін жатқызуға болады.

Әкімшілік органның әкімшілік қалауы болған кезде тараптардың татуласуына жол беріледі.

Осылайша, кең насихатталып жүрген татуласу тренді жария-құқықтық қатынастарды да қамтыды.

Сонымен қатар, ӘРПК мемлекеттік органның ішінде дауды сотқа дейін талқылауды міндеттейді.

Бұл халықаралық тәжірибеден алынған.

Әлбетте, мемлекеттік органдарда корпоративтілік рухтың мықты екені белгілі.

Дегенмен, заң шығарушы әкімшілік әділет құрылымында дауды сотқа дейін қарайтын жоғары тұрған мемлекеттік орган саналылық танытады деген ойда, сондай-ақ, ол төмен тұрған органдардағы түйіткілді мәселелерді білетін болады.

Ондай мәселелер бүгінгі күні шаш етектен.

Атап айтсақ, мемлекеттік органдар шешім шығару сәтінде орынсыз сақтық танытып, азаматтың арызын мәні бойынша қарамай, «тұманды» жауаптары  арқылы оны сотқа жолдауды әдетке айналдырған.

Кейін сотта айқын жеңіліс тапқанымен, шығындармен санаспай, сот шешімін соңғы сатыға дейін шағымдайтыны тағы бар.

Сол арқылы, өздерінің де, соттың да жүктемесін арттырып отыр.

«Шенеуніктік қорқақтық» деп аталатын бұл үрдіс үлкен проблемаға айналды.

Енгізілген әкімшілік әділет жүйесі мемлекеттік басқарудағы осы кеселмен де күресуге бағытталған.

Судья Қанат Салықбаев, Алматы қаласы Бостандық аудандық соты 

 

  

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

3 пікір

  1. аватар
    Jewel 12 января 2024 16:20

    Hi there! Someone in my Facebook group shared this website with us so I came to take a
    look. I'm definitely loving the information. I'm book-marking and will be tweeting this to my followers!

    Exceptional blog and outstanding design.

    Look into my web site :: Nilsa

  2. аватар
    Diva 12 января 2024 17:17

    I really like your blog.. very nice colors & theme.
    Did you design this website yourself or did you hire someone to do it for you?
    Plz reply as I'm looking to construct my own blog and would like to find
    out where u got this from. thank you

    Take a look at my blog Nolberto

  3. аватар
    Fredrica 12 января 2024 17:26

    hey there and thank you for your information – I have
    definitely picked up something new from right here.
    I did however expertise several technical issues using this site,
    since I experienced to reload the web site many times previous to I could get it
    to load correctly. I had been wondering if your hosting is
    OK? Not that I am complaining, but slow loading instances times will sometimes affect your placement in google
    and can damage your high-quality score if ads and marketing
    with Adwords. Anyway I am adding this RSS to my email and could look
    out for much more of your respective fascinating content.
    Ensure that you update this again very soon.

    Also visit my blog; Charlesetta

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.