Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік–процестік кодексін жүзеге асыру тәсілдері, ерекшелігі.

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік–процестік кодексін жүзеге асыру тәсілдері, ерекшелігі.

Бүгінде еліміз әлеуметтік – экономикалық салада күрделі кезеңдердің бірін бастан кешуде. Бір жылдағы Пандемия бүкіл әлемдік экономиканың құлдырауына әкелді, бұл бәрімізге әсер етті. Болып жатқан әлемдік процестер мен жаһандық сын-қатерлер бүкіл әлемді, оның ішінде біздің мемлекеттік институттардың және тұтастай мемлекеттік басқарудың  жұмысын қайта форматтауға алып келді.

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік –процестік кодексі қолданысқа енді.

ҚР ӘРПК-нің негізгі мақсат, міндеті жария-құқықтық қатыснастарда жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін, әкімшілік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау құралы болып табылады.

ҚР ӘРПК-нің іске асырудың нақты және егжей-тегжейлі тетіктерін әзірлеу, оның ережелерін түсіндіру бойынша белсенді және мақсатты жұмыс жүргізу қажет, мемлекеттік орган ішінде сотқа дейінгі талқылауды қарау тәртібін айқындау, мемлекеттік басқару жүйесінде заңдылықтың сақталуына жауапкершілік пен бақылау белгілеу өте  маңызды. Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселесі ұзақ уақыттан бері талқыланды.

Жалпы қабылданған ҚР ӘРПК екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімі әкімшілік рәсімдер туралы болса, екінші бөлімі сот процесін жүргізуге арналған. ҚР ӘРПК қағидаларына назар аударатын болсақ, мөлшерлестік, сенім құқығын қорғау, анықтық презумпциясы сияқты бірнеше жаңа қағидалық түсініктер енгізілген.

ҚР ӘРПК-нің қабылдануымен мемлекеттік органдарда ішкі әкімшілік рәсімдердің өзгеруіне байланысты азаматтардың өз мүдделерін тиімдірек қорғауға ықпал етіп, азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарда жолданымдарын қарау тәртібін нақты айқындауға мүмкіндік берді, ал әкімшілік орган мен лауазымды адамдардың заң шеңберіндегі  әрекеттері халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруына алып келеді.

Сонымен-қатар, жоғарыда тұрған органда және сотта билік органдарымен дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілеу болып табылады. Кодекс бірыңғай заңнамалық актіде Әкімшілік рәсімдер мен қоғамдық құқықтық қатынастар саласындағы сот ісін жүзеге асырудың құқықтық негіздерін, қағидаттарын, ережелерін белгілейді.ӘРПК-бұл сот ісін жүргізудің төртінші түрі. Осыған байланысты, елімізде жаңадан құрылатын әкімшілік соттар жария-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды ерекше қарайтын болады.Әкімшілік Әділет институты Қазақстан Республикасында іске асырылатын жаңа және ауқымды жоба болып табылады, оның тиісті дамуынан барлығы: адам, қоғам, мемлекет болуы тиіс. Әкімшілік сот ісін жүргізудің  басты қағидаты, ол соттың белсенді рөлі болып табылады.

Жаңа Кодекс мемлекеттік аппараттың жұмысына тың серпін бермек. Әкімшілік процестің жаңашылдықтарына талап қою түрлері, сот талқылауының шектері және сот бақылауы да жатады. Әкімшілік сот өз шешімдерінің орындалуына қатаң бақылауды қамтамасыз етеді.

Жаңадан қабылданған Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі азаматтардың құқығын сапалы қорғап, заң үстемдігін сақтаудың кепілі болмақ.

Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы         

Н.Е.Губашев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.