Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» бағдарламасын, соның ішінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, зорлық-зомбылық фактілеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптасытру мақсатында Бас прокуратурамен «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы іске асырылуда.
Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 1-бабына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы — тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені.
Еліміз егемендігін алғалы бері әйелдердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда және тұрмыстық қылмыстардың алдын алу саласында оң нәтижеге қол жеткізді. Мемлекетіміз 1997 жылдан бастап әйелдердің ар-намысын қорғайтын, құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін, бірдей конституциялық қағидаларды жүзеге асыруды көздейтін, әйелдердің жағдайларын жақсарту туралы мемлекеттік саяси Концепциясын іске асыруда. Əлемнің көптеген аймақтарында əйелдерге қатыгездікпен қарау бұрынғысынша жасырылып келеді, мойындалмайды, маңыздылығы бойынша кейінге қалдырылады, оған шыдамдылықпен қарайды жəне ол тиісті мəдени норма жəне салт ретінде түсіндіріледі.Əлемде зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы істердің жағдайы бойынша 2014 жылғы баяндамасына сəйкес қазаға алып келмеген физикалық, жыныстық жəне психологиялық зорлық- зомбылықтың негізгі соққысы əйелдерге, балаларға жəне қарттарға тиеді: барлық ересектердің төрттен бірі балалық шағында зорлық-зомбылыққа ұшыраған; əрбір бесінші əйел балалық шағында жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған; əрбір үшінші əйел өмірінің əр түрлі кезеңінде жыныстық серігі тарапынан жасалатын физикалық жəне жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. Бұл ДДҰ-ның зорлық-зомбылықтың жаһандық таралуы туралы мəліметтерімен де дəлелденеді, соған сəйкес, əлемде əйелдердің 35 % өмірі барысында жыныстық серіктесінің тарапынан немесе басқа тұлғалар тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Орта есеппен ер адаммен қарым- қатынаста тұратын əйелдердің 30 % өзінің серіктесі тарапынан физикалық немесе жыныстық зорлық- зомбылықтың қандай да бір нысанына ұшырайтыны туралы хабарлаған. Əлемде əйелдерді өлтірудің 38 %-на дейін фактілерін олардың жыныстық серіктестері жасайды.
Бүкіл жер-әлемдегі әйелдердің әрбір бесіншісі еркек кіндіктіден жәбір көреді немесе зорлық-зомбылықтың құрбаны болады екен. Әділеттілік пен ізгілікке ұмтылып келеміз, неше түрлі қылмыс пен әлгіндей келеңсіздіктер біздің елде де бар. ІІМ-нің аумақтық бөліністері тұрмыстық қарым-қатынас саласында жасалатын зорлық-зомбылық деңгейін, нысандары мен тәсілдерін зерделеу мақсатында сауалнамалар, зерттеулер жүргізгенде, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көпшілігі әйелдерге қатысты болатыны дәлелденген.
Сол себепті бүгін отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алудың тіптен жаңа жолдарын іздестіру маңызды. Осындай әрекеттердің алдын алуда әлеуметтік-құқықтық шараларға басымдық беру керек.
БҰҰ-ның Сан-Франциско қаласында өткен бірінші Бас Ассамблеясы барысында əйел-делегаттар əйелдердің проблемаларына арнайы назар аударуды талап етті. Сол кезде құрылған Адам құқықтары бойынша комиссия жанындағы Əйелдердің жағдайы жөніндегі шағын комиссия нəтижесінде 1946 ж. БҰҰ-ның Əйелдердің жағдайын жақсарту бойынша Дүниежүзілік Экономикалық жəне Əлеуметтік комиссия жанындағы комиссиясы болып қайта құрылды.
Кейін БҰҰ Бас Ассамблеясы 1966 ж. Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық актіні жəне Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар туралы халықаралық пактіні қабылдады. Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 10- бабына сəйкес қоғамның шынайы жəне негізгі бөлшегі болып табылатын отбасына мүмкіндігінше ең кең көлемді қамқорлық көрсетілуі жəне жəрдем берілуі тиіс. Нəтижесінде осы негіз қалаушы халықаралық-құқықтық құжаттар адам құқықтары саласындағы басқа да нормаларды жасауда қайнар көзге айналды. Қоғамның негізгі бөлшегі ретіндегі отбасын мемлекет тарапынан əлеуметтік- құқықтық қорғаудың басым сипаты туралы ереже Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығының 1995 ж. 26 мамырда қабылдаған Адам құқықтары жəне негізгі бостандықтары туралы конвенциясында, сондай- ақ ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің көпшілігінің конституцияларында қамтылған.
1981 ж. Конвенцияның 17-бабына сəйкес Əйелдерге қарсы кемсітушілікті жою бойынша комитет ресми түрде құрылды, оның міндеттеріне қатысушы-мемлекеттердің Конвенцияның ережелерін жүзеге асыруын бақылау кірді. Конвенцияны қабылдау барысында əйелдерге қарсы зорлық-зомбылық саяси мəселе ретінде қабылданды. Алайда № 19 Нұсқаулығында (1992) Комитет отырысының барысында əйелдерге қарсы зорлық-зомбылық кемсітушіліктің бір түрі деп танылды.Комитет өзінің жалпы Нұсқаулығында «отбасындағы зорлық-зомбылық — əйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың ең жасырын нысандарының бірі. Ол барлық қоғамдарда кең таралған. Отбасылық қатынастар аясында əр түрлі жастағы əйелдер ұрып-соғуды, зорлауды жəне жыныстық қылмыстардың басқа да нысандарын, психикалық террорды жəне зорлық-зомбылықтың əдет- ғұрыптық көзқарастардан қолдау табатын басқа да түрлерін қамтитын зорлық-зомбылықтың мүмкін болатын барлық түрлерінің құрбаны болатынын» түсіндіре отырып, маңызды қадам жасады. Бұл жұмыстың сәтті жүруіне мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының біріккен күшінің нығаюы септігін тигізеді, әсіресе отбасындағы зорлық-зомбылық проблемаларын практикалық тұрғыда шешумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдармен әрекеттестіктің зор ықпалы бар.
Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары мен жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Осыған орай, Маяковский атындағы орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларына арналған айлық акция аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғамның кесапаты»атты семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингтің мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, зорлық – зомбылық көрсету - адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы - оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету.Зорлық–зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау. Семинарымыздың қатысушылары: Жарма ауданының ІІБ-нің кәмелетке толмағандар істер жөніндегі полиция инспекторы, полиция лейтенанты А. Нұркенова, Жарма ауданының ішкі саясат бөлімінің маманы А. Киікбаев, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Д. Қыстаубаева, М.А.Такенова, мектеп психологы М. Ибраимова, әлеуметтік педагог А. Идрисова және 9-11 сынып оқушылары болды. Аталған семинарда «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңы және отбасындағы зорлық-зомбылық, олардан жасөспірімдерді қалай сақтандыру, оның алдын алу мәселелері бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді. Жиынға қатысушылар күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өз пікір-ұсыныстарын ортаға салып, өздерін осы бағыттағы толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Семинарда оқылған баяндамалардың ажарын мазмұнды да, мағыналы слайд-презентациялар ашты. Видеороликтер көрсетіліп, 10-сынып оқушылары М. Хасенов, С.Матаев, С.Низамиев, А.Шаймарданов пен 11-сынып оқушысы Р.Таттығалиеваның қатысуымен «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» ұранымен шағын көрініс көрсете отырып, зорлық-зомбылыққа көп ұшырайтындардың басымы – әйелдер мен жасөспірімдер екенін аңғартты. Аса шеберлікпен ойналған көріністен кейін проблемалық жағдайларды шешу, зорлық-зомбылықтың алдын алу профилактика бойынша мектеп психологы М. Ибраимова оқушылар арасында тренинг өткізді. Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы – баланың өз алдындағы үлгі,өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Шылым шегу, ішімдікке үйірлік, бұзықтық жолға түсіп, зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді. Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, сондай-ақ зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. Сондықтан да бала тәрбиесіне екі жақты болып, яғни мектеп пен ата-ана болып, бала жүрегі мен санасына гүл сепкендей білім, тәлім мен тәрбие, адамгершілік құндылықтарын ақылмен ексек, келер ұрпақтың да, адам жанының сұлулығы да байиды. Бар әлемге ақ жүрекпен, жанға күн шуағындай, гүлдің нәзіктігіндей қарап өскен ұрпақтан тек келер күннің шұғылалы болуына толық сеніммен айта аламыз.
Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
жетекші маманы Ж.Копбаева
[xfvalue_img]