Зорлық-зомбылыққа жол жоқ.
Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 4 бабына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық тек күш көрсету немесе психологиялық қана емес, сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.
Жаңақала ауданы бойынша тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын-алу мақсатында сот төрағасы С.Есжановтың төрағалық етуімен жасақталған жұмыс тобының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияда тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алуда, өмірдің қиын жағдайына тап болған балалармен үнемі жұмыс жүргізілуде. Жаңақала ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен және жергілікті атқарушы органдармен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін, халық арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жергілікті басылым «Жаңарған өңірі» газетіне, интернет ақпараттық ресурстартары арқылы «Зорлық ‑ зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында мақалалар жарияланып, адамдар көп жүретін сауда орталықтарымен базарларларда сенім телефондары жөнінде мағлұматтар енгізілген, ақпараттық-үгіт сипатындағы брошюралар таратылды.
Біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды – онысы бекер. Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз, бұл туралы үндемей қоймаңыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында оның құрбандары немесе куәгерлері ішкі істер органдарына арызбен жүгінуі қажет және төмендегі көрсетілген сенім телефондары арқылы хабарласуларыңызға болады.
Сенім телефондары: Жаңақала ауданының полиция бөлімі – 21-9-20 (102);
Жаңақала аудандық білім беру бөлімі – 31-7-86; Психолог маман – сот: 8 707 587 91 68
Жаңақала аудандық сот кеңсесінің бас маманы С.Танатарова
[xfvalue_img]