Тәуелсіздіктің тірегі - Ата заң

Тәуелсіздіктің тірегі - Ата заң

Конституция күні - біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат - Конституция.

Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Ендеше, сан жылдар бойы қалыптасып, жалпыға міндетті ережелерді қамтыған ең жоғарғы күші бар Ата Заңымыз өмір талабына сай жасақталды. Аталған маңызды құжатты әзірлеу барысында заңгерлеріміз бен білікті саясаткерлер қыруар жұмыс атқарды. Ең бастысы, ұлттық болмысты сақтай отырып, дамыған елдердің тәжірибелерін арқау еткен Конституция еліміздің болашағы үшін ұзақ жылдар жемісті қызмет ететіні сөзсіз.

Осыдан жиырма үш жыл бұрын, 30- тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды.

Өткен 23 жылдан бері мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәрі - Ата заң қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді.     

Тоқтала кететін тағы бір жайт, Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады. Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат енді ғана 23 жасқа толып отыр. Әрине, тарих ауқымымен айтқанда, бұл азғантай ғана мерзім. Десе де, осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтіп, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді.

Еліміздің құқықтық мемлекетке айналуы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ойдағыдай қорғау, бауырында жүздеген ұлт пен ұлысты топтастырған елімізде саяси тұрақтылықтың сақталуы – осы Конституцияның арқасы. Осындай орасан зор жетістікке Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты мен қажырлы еңбегінің нәтижесінде қол жеткіздік.

Конституциямыздың келешекте еліміздің алдыңғы қатардағы мемлекет болуына, демократияның, тиімді экономикалық реформалардың қалыптасуына жағдай жасайтын басты нормативтік құжат болатыны анық. Бұған қол жеткізу үшін әрбір азамат Конституцияда көрсетілген өз құқықтары мен міндеттерін терең түсініп, сақтауы қажет.

 

Ж.М.Сейтжапаров

Мұғалжар аудандық сотының төрағасы м.а

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.