Сот орындаушыларымен жұмыс кездесуі өтті.
Ақжайық аудандық сотында төраға А.М.Нургалиевтің, мемлекеттік сот орындаушысы А. Таженовтың, жеке сот орындаушы В.В.Думчевтің қатысуымен борышкердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуын шектеу туралы сот орындаушыларының қаулысына соттың санкция беру және сот шешімін орындаудың әдісі мен тәртібін өзгерту туралы, оның ішінде борышкерді ауыстыру туралы мәселелерін талқылау туралы отырыс өтті.
Іс-шара барысында сот төрағасы А.М.Нургалиев қолданыстағы заңнаманы, сот орындаушыларының қаулыларына санкция беруде қойылатын талаптарды және борышкерлерге Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға шектеу қою туралы оларды хабардар ету туралы талаптарын түсіндірді.
Сонымен қатар қатысушылар пікір алмасып, түйткілді мәселелерді талқылады.
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ақмарал Нұрым.
[xfvalue_img]