Гендерлік теңдік
Гендірлік теңдік дегеніміз – әйелдер мен ер адамдар арасындағы әлеуметтік жағдайға байланысты теңсіздік. Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабы 2-тармағында: «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» делінген.
Гендерлік теңдікке қол жеткізу және әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту – біздің заманымыздың аяқталмаған міндеті және қазіргі әлемдегі адам құқықтары саласындағы ең үлкен мәселе, - дейді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.
1948 жылдың 10 желтоқсан күні Бас Ассамблея қабылдаған адам құқықтарының жалпыға бірдей тарихи декларациясы «барлық адам өз қадір қасиеті мен құқықтары бойынша еркін және тең, әр адам осы декларацияда баяндалған барлық құқық пен бостандыққа нәсілге, дінге немесе басқа жағдайға қатысты қандай да бір айырмашылықсыз ие болуы керек» екенін растады.
Осы ретте статистикалық деректерге жүгінсек, 2006 жылы Қазақстан гендерлік теңдік рейтингінде 32-орынды иеленіп, дамыған 30 елдің қатарына жақындаған болатынбыз. Ал содан бері 14-15 жыл өткен соң, 2022 жылы кестеден аталмыш рейтингте Қазақстан 80-орынға дейін түскенін көруге болады.
Еліміздің саяси өміріне барлық азаматтың тең дәрежеде қатысуын қамтамасыз ету мемлекетте демократия мен еркіндіктің, азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Үкіметі әйелдердің саясатқа араласуына, олардың жай ғана саясатпен айналысып қана қоймай, шешім қабылдау деңгейінде араласқанына мүдделі болып отыр. Өйткені бұл – уақыт талабы. Осыған орай, мемелекет басшысы 2020 жылы саяси партиялар туралы заңға өзгерістер енгізіп, бұдан былай партиялар мәжіліс пен мәслихат депутаттарына кандидаттар тізімін жасақтаған кезде әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота қарастыруды міндеттеген еді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2022 жылы 1 ақпандағы дерегіне сәйкес, ҚР Сенатында 9 әйел, Мәжілісте 28 әйел депутат болып қызмет атқарады.
Дегенмен қазіргі уақытта гендерлік теңсіздік мәселесі әлі де бар. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп отырған әйелдің өзіне тең дәрежеде, зор құрметпен қараған абзал. Алыс-жақын ағайынды, көрші-қолаңды тату ету арқылы қоғамның ынтымаған сақтауға, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде әйелдің ерекше орнын білу – қазақта бұрыннан бар идеология. Тек осы құндылығымыздың құрып кетпеуіне жол бермеген жөн.
Қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
әскери сотының бас маманы М.Аккузова
[xfvalue_img]
26 пікір