Ең басты мақсатымыз – жемқорлықты алдын алу
Шындығында жемқорлық аса маңызды мәселе, сол себепті онымен күрестің маңызы басым. Мәселенің алдын алу басты міндеттеріміздің бірі болып табылады.
Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлық арқылы құқық бұзушылық сияқты қоғамдағы тәртіпсіз қылықты жойып, жоқ қылуға бағытталған көптеген іс-шаралар жасалып, жүзеге асырылып жатыр. Сыбайлас жемқорлық мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып келе жатқан кеселдің бірі.
Айта кетсек, басты мақсатымыз - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Жемқорлықтың алдын алу үшін елімізде арнайы қабылданған заңнамалар да аз емес, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық.
Соңғы жылдарда қоғамды жайлаған кеселге қарсы күрес елімізде қарқынды жүріп жатыр.
Атап айтсақ, тәуелсіздік алғаннан бері 7 мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылды. Осы бағдарламалар сыбайлас жемқорлық көлемін қысқартуға мүмкіндік берді.
Қазақстандағы кез келген салада, соның ішінде әлеуметтік, ауыл шаруашылық, құрылыс және тағы басқа да салаларда жемқорлық індетіне нормативтік-құқықтық актілердегі мемлекеттік мекемеге, лауазымды тұлғаларға берілген құзыреттер мен коллизиялар ықпал етеді.
Сондай-ақ, әкімшілік тосқауылдар бизнес құрылымдарын дамытуға әсерін тигізеді.
Сондықтан, бизнес пен қоғамды дамыту үшін осы Заңнамаларды оңтайландыруды, жетілдіруді тоқтатпауымыз қажет.
Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында әрбір мекеме қоғам дертіне қарсы стандарттар қабылдап, басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, біршама бұзушылықтар мен кемшіліктерді анықтап отыруы қажет. Оны жою, тәуекелдерді болдырмау мақсатындағы жұмыстар тоқтамауы тиіс.
Жалпы, қазіргі кезеңде азаматтардың құқықтық сауаты мен әділ бәсекелестікке деген, мемлекетке деген, сенімі артқандығына бәріміз куәміз. Мемлекеттік қызметшілердің сана сезімі өзгеріп, қызметтік әдептілігі жоғарылап, жеке және заңды тұлғалармен жұмыс істеу тиімділігі артып, сыбайлас жемқорлық қатерлерінің төмендегені байқалады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізгі қағидалары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясында, «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясыда бекітілді.
Айтарым, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау, әділ сот төрелігімен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтауға бір кісідей жұмылуға тиіспіз.
Елге адал қызмет ету, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлықпен күресуге тарту, азаматтардың сана-сезімін оятып, елімізде әділ бәсекелестікті орнату басты мақсатымыз екендігін ұмытпауымыз керек.
Бағлан Идирисов
Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының
№2 аудандық сотының судьясы
[xfvalue_img]