Дау медиация тәртібімен шешімін тапты.
Сырым аудандық сотына материалдық зиян 150 000 теңгені өндіру туралы талабы түсіп, талап қоюшы Т. талабында, жауапкер А-дан материалдық зиян 150 000 теңгені өндіруді сұраған.
Тараптарға істі қозғағанға дейінгі хаттаманы дайындаумен татуластыру рәсіміне қатысуға мүмкіндік берілді.
Талап қоюшы Т. мен жауапкер А. сотқа дейінгі хаттаманы толтырып, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхаты түсіріп, медиацияны іс жүргізуіндегі судьямен өткізіліп, татуласып келісімге келгендеріне байланысты істі тоқтатуды сұрады.
Келісім бойынша: Бірінші тарап-Т, екінші тарап-А. келісімге келді.
Екінші тарап-жауапкер А. талапты мойындап материалдық
шығын 110 000 (бір жүз он мың) теңге 1-ші тарапқа-Т. толығымен төлеуге міндеттенді.
Сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілуіне байланысты, іс бойынша іс жүргізу өндірістен тоқтатылды. Соған байланысты, талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж алымы қайтарылды.
Сырым аудандық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы
А.Т.Ишангалиева
[xfvalue_img]
7 пікір