Берешекті өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды
Бөкей ордасы аудандық сотының өндірісіне талап қоюшы С.-ның жауапкер К.-дан берешек соманы өндіру туралы талап-арызы түсті.
Іс құжаттарында белгілі болғандай, яғни 2021 жылдың маусым айының 13-күні талап қоюшы С. Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округіне қарасты Жәрменке ауылында орналасқан тұрғын үйін жауапкер К.-ға 300 000 (үш жүз мың) теңгеге сатқан. Сату барысында жауапкер талап қоюшыға үйдің жарты ақшасы 150 000 (бір жүз елу мың) теңгені қолма-қол төлеп, қалған жартысын 2021 жылдың шілде айының 15-ші күніне дейін төлейтінін көрсетіп қол хат берген. Алайда, бүгінгі күнге дейін жауапкер қарыз сомасын белгіленген мерзім ішінде төлемеген соң, талап қоюшы С. жауапкер К.-дан 150 000 (бір жүз елу мың) теңгені өндіруді сұрап сотқа жүгінген.
Алдын ала сот отырысында, сот тараптарға бірін-бірімен татуласу және олардың арасындағы дауды шешу үшін медиаторларға жүгінуді ұсынды.
Нәтижесінде сотқа талап қоюшы С. мен К. екеуінің араларындағы дауды кәсіпқой емес медиатор арқылы шешіп, өзара татуласып, келісімге келгендерін, медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалғанын мәлімдеп, келісімді сотпен бекітуді, істі өндірістен тоқтатуды сұрап арыздарын түсірді.
Сотпен тараптардың ұсынған кәсіби емес медиатор Ш.М.Ишангалиеваның қатысуымен талап қоюшы С.-мен жауапкер К.-нің арасында келісілген дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, осы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатылды.
Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімінде талап қоюшы С.-тің жауапкер К.-тен 150 000 (бір жүз елу мың) теңге бережақты өндіру туралы талап арызы бойынша, жауапкер К. 150 000 (бір жүз елу мың) теңге бережақ соманы 2021 жылдың қазан айының 18 күніне толық есептесуге міндеттенді.
Осыған байланысты тараптар медиация тәртібінде татуласты.
БҚО, Бөкей ордасы аудандық сотының
кеңсе меңгерушісі Зияш Зайнуллина
[xfvalue_img]
1 пікір