ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ӨЗІҢЕ ҚҰРМЕТ

ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ӨЗІҢЕ ҚҰРМЕТ

Тіліміздің мәртебесі- еліміздің мәртебесі, ал тіл мәртебесі халықтың қолында.

         Тарихтың қатпарлы беттерін парақтасақ, қаншама тар жол, тайғақ кешулерден аман өткен халықтың қиын тағдырына куә боламыз. Азаттықты аңсаған бабаларымыздың асқақ арманы орындалып, бүгінде тіліміз өз тұғырына қонды. Яғни 22 қыркүйек 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болып «Тіл туралы» заң қабылданды. Кейін егемендік алған соң 1995 жылғы Ата Заңымыздың 7-бабында «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» болып айқындалды. Әрі қарай – 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заң қабылданып, республика аумағындағы тілдердің қолданылуының құқықтық негіздері, барлық тілдерге бірдей құрметпен қарау қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қазақ тіліміздің мәртебесі белгіленген болатын.

        «­Қазақ тілі-халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы,өсіп-өніп түрлене бергі»,-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыздың айтқанындай елін-жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде мемлекеттік тілге, ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек.

        Еліміздің егемендік алуы мен аталған заңның қабылдануы мемлекеттік тіліміздің қолданылу аясының барынша кеңеюіне даңғыл жол ашып берді. Ғасырлар қойнауынан сондай анық, таза күйінде бізге жеткен, халқымыздың өткенінен хабар берер асыл мұрамыздың бірі, ынтымақ пен бірліктің жығылмас туы, тәуелсіздігіміздің айғағындай болған туған тілімізді «толғауы тоқсан қызыл тіл» деп айтуы бекер емес.

       Қазақ тілінің мерейін асқақтатып, мәртебесін көтеру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды жіпке тізгендей санамалап беруге болады. Әр халықта тіл сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы ғана емес, өзге елдердің алдында дәрежесін айқындап, тарихынан хабар беретін қатынас құралы. Қазақ тілі ерте кезден-ақ оралымды, ырғақты, аса қуатты, бай тіл екенін әлем халықтарының алдында дәлелдеді. «Ұлттың сақталуына да,жоғарлауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл»,-деген Ахмет Байтұрсынұлы.

      Тәуелсіздігіміздің негізгі тірегі-ұлттың тілі,діні. Ол қасиетті де қастерлі. Тілдің тағдыры-баршамыздың қолымызда, тілді оқып-үйренуді барынша жоғары деңгейге көтеру қажет. Бұл әр қазақстандықтың қастерлі парызы.

      Ендеше, татулық пен тұрақтылықтың негізіндей болған туған тіліміз – тұғырлы, тәуелсіздігіміз – ғұмырлы болуы мен тіл мерейінің жоғарылауы жолында баршамыз бірігіп әрекет етуіміз қажет.

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ақмарал Нұрым.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.