ҚАЙ ТІЛДЕ ОЙЛАСАҢ, СОЛ ТІЛДІҢ ЖАНАШЫРЫСЫҢ

ҚАЙ ТІЛДЕ ОЙЛАСАҢ, СОЛ ТІЛДІҢ ЖАНАШЫРЫСЫҢ

«Сөзі жоғалған жұрттың, өзі де жоғалады» – деген халқымыздың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы. Жер бетіндегі кез келген халықтың мәңгілік жасауы – ұлттық тілінің сақталып қалуына байланысты. 1989 жылы 22 қыркүйекте қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болуы үшін «Тіл туралы» заң қабылданды. Кейін егемендік алған соң  1995 жылғы Ата Заңымыздың 7-бабында «Қазақ тілі –мемлекеттік тіл» болып айқындалды. Әрі қарай – 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заң қабылданып, республика аумағындағы тілдердің қолдануының құқықтық негіздері, барлық тілдерге бірдей құрметпен қарау қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қазақ тіліміздің мәртебесі белгіленген болатын.

     Қазақ тілі Кеңес заманынан қалыптасып қалған орыс тілінің көлеңкесінде дамып келе жатқаны ащыда болса шындық. Жасыратыны жоқ, тіліміз өз елінде, өз жерінде «аса қажеттілікке» айналмай, атына заты сай болмай, мәртебесі мемлекеттік болғанымен қоғамның барлық саласында толыққанды қолданылмай келе жатқан мемелекеттік тіл болып отырғаны ақиқат. Қазақ тілі – дүниедегі ең шұрайлы, кестелі тілдің бірі деп жатамыз. Қазақ тілі – өте бай тіл! Қазақ тілінде жазылған тамаша шығармалар мен жылытатын, жұбататын жырлар қаншама.

     Қазақ халқының бойына сіңген ата-бабаларымыздың тәлім-тәрбиесі, үлгі-өнегесі, біздің тұлға болып қалыптасуымызға себепкер болғаны, үлкен үлес қосқаны анық. Осындай жауһар тілімізді өз дәрежесінде пайдалана алмауымызға кезіндегі кеңес өкіметінің солақай саясаты әсер етсе, ал, дәл қазіргі күні қоғамның барлық саласында қазақ тілінің мәртебесі жоғары болуы қажет деп санаймын.

    Осы орайда, ел Президенті өзінің алғашқы Жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ, мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» деген. Иә, Егемен елімізде өмір сүретін барлық ұлттарға мемлекеттік тілді меңгеруге толықтай жағдай жасалған. Сонымен қатар, демографиялық тұрғыдан қазақ ұлты ең жоғарғы пайызды құрайтындықтан, қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі нақты келді деп есептеймін.

    Жалпы кез келген елде тілдік ахуал өзгерген жағдайда тіл саясаты да жаңа талаптармен толығып отыратыны ақиқат. Және де барлық елдерде мемлекеттік тілді білу заң арқылы міндеттелген. Ал, біздің жоғарыда аталған «Тіл туралы» заңымызда «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп көрсетілген.

    Яғни, мемлекеттік тілді меңгеру тек «парыз» ғана. Әлемде жеті түркі мемлекеті бар десек, соның алтауы өз тілінде ел басқарып, бір-бірімен қарым-қатынасты тек өз тілінде жасауда. Кез келген қазақ, қазақстандық бір-бірімен тек мемлекеттік тілде сөйлесетін уақыты келді.

    Тәуелсіздік қазаққа не берді десек, санымыз өсті,  өркендеді, рухымыз жанданды. Рухымызбен бірге тіліміздің тұғыры да биіктеуі шарт. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен. Халқымыздың «Қай тілде сөйлесең, сол тілде ойлайсың. Қай тілде ойласаң, сол тілдің жанашырысың», «Өсер ел, алдымен, тілін қадірлейді» деген сөздері есімізден шықпағаны жөн деп санаймын.

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сотының кеңсе меңгерушісі    

Ақмарал  Нұрым.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

15 пікір

  1. аватар
    Erik 6 октября 2024 03:25

    дуа просьба, кайтарма дуа сандар арқылы сөз жасыру, нумерология
    қазақша есептеу құрлықты құрайтын материктер мен аралдардың көлемі, жер бедерін қалыптастырушы ішкі күштер халык банк виза или мастеркард, халык банк открыть карту
    нерезиденту

    Here is my web page қазақстанның су байлықтары олардың қазіргі
    экологиялық жағдайы

  2. аватар
    Laurel 6 октября 2024 09:52

    отсчет секунд со звуком қайық ағыс жылдамдығы
    2 км/са, катердің ағыспен жүзгендегі жылдамдығы 28 км/сағ ұлттық ойындар сайысы,
    ұлттық ойындар сценарий жесткие волосы у мужчин причины, тестостерон и волосы на теле

    Feel free to surf to my blog post ... вектордың координатасын табу

  3. аватар
    Monika 7 октября 2024 09:36

    көркем еңбек 1 сынып жұмыс
    дәптері, көркем еңбек 1 сынып қмж 130 бұйрық әлеуметтік-медициналық оңалту-бұл,
    медициналық оңалту презентация
    білек сөзіне сөйлем құрау, ат сөзіне сөйлем құрау простыня стерильная размер 210 160 см, медицинские одноразовые простыни

    my web site ... бұлттар
    неге мұңды

  4. аватар
    Rae 8 октября 2024 20:17

    тәрбиелеу дегеніміз не, тәрбие дегеніміз не freedom24 отзывы, freedom finance
    отзывы о брокере құлпырып көк өсер, ғылыми
    және көркем мәтін жақсы ұстаз мектептің жүрегі
    менің қаламның экологиясы эссе, мектептің жүрегі оның баға жетпес еңбегі

  5. аватар
    Bud 19 октября 2024 08:57

    ядерная оценка плотности простыми словами, ядерная плотность вещества расклад на таро на ближайшее будущее значение таро на все сферы
    жизни, гадание на картах таро на ближайшее будущее доить корову во сне женщине, доить корову во сне мусульманский сонник
    преступление в роддоме информация о фильме, преступление 2
    сезон описание серий гороскоп сегодня весы европа плюс

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.