«Эссе жазу техникасы» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді
Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық сотында «Эссе жазу техникасы» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрісті М. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ажар Зекенова оқыды.
Дәріс барысында профессор тыңдаушыларға эссе жазу техникасы мен оның түрлерін, көркем шығармадан айырмашылығы, құрылымын түсіндіріп, эссе жазу барысында жиі кездесетін қателіктерге назарын аудартты. Дәріс беруші қарапайым мысалдар келтіру арқылы берілген ақпаратты қосымша пысықтап отырды.
Дәріс соңында эссе жаза білудің қажеттілігі, бұндай дәрістердің сот саласының мамандары үшін пайдалылығы, оқылған дәрістің теориялық және практикалық маңыздылығы айтылып, оқыған дәрісі үшін Ажар Зекеноваға Сарыарқа сотының ұжымы алғысын білдіріп, ол өз кезегінде қатысушыларға қызметіне табыс тіледі.
[xfvalue_img]