Мемлекеттік тілдің маңызы зор
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттік тілді меңгеру әр Қазақстан Республикасы азаматттың боыршы, ол Қазақстан халқының ауыз біршілігінің маңызды факторы. Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға, Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға, қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.
Судья, жергілікті соттар кеңселері іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге, құжат айналымында мемлекеттік тілдің үлесін көтеруге, сот ісі мен іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің сапасын арттыру қажет. Мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу кезінде туындайтын сұрақтарды, материалдар мен істердің қазақ тілінде қаралуының саны мен сапасын арттыруды және құжаттарды мемлекеттік тілде сауатты әзірлеу жұмыстары одан әрі жалғасын табады.
А.Искакова, Жаңақала аудандық сотының кеңсе меңгерушісі
[xfvalue_img]