Тілі бар ел, ешқашан жойылмайды

Тілі бар ел, ешқашан жойылмайды

Егемендік алғаннан бері Қазақстан Республикасында Конституциямыздан бастап жүздеген заңдар жазылып, қолданысқа енгізілді. Заңның, әлбетте, тілмен бейнеленетіні, тіл арқылы азаматтардың еркі мен санасына ықпал ететіні мәлім. Алайда, тілдің заңның мазмұнына тікелей әсер етпейтіні, әйтсе де тілдің байлығы, тереңдігі мен жатықтығы заңның айқын, ұғынықты болып шығуына әсер етпей қоймайтыны түсінікті.

Қазақ тілі мемлекеттiң бүкiл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылады. Сондықтан, Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi. Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.

Қазақстан Республикасы азаматының ана тiлiн қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауына құқығы бар. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызу жөнiнде қамқорлық жасайды. Қазақстан Республикасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi. Алайда, ресми тілдің мемлекеттік тілмен қатар қолданылуын сылтауратып, қазақшаны қалтарыста қалдыруға болмайды. Теңдікті кеңдікпен шатастыру қате. Сонымен қатар, Қазақстанда мемлекеттiк тiлдiң және басқа да тiлдердiң қолданылуына және оларды үйренуге кедергi келтiретiн лауазымды адамдардың iс-әрекеттерi ел заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтыратынын да қаперде ұстағанымыз жөн.

 

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының бас маманы Асылбек Муксинов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.