«Соттағы татуласу рәсімдері»
Мұғалжар аудандық сотында онлайн режимінде «Соттағы татуласу рәсімдері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Шараға судья Н.Е.Кендирбаева, кәсіби медиаторлар А.Д.Казиева, Г.М.Иманбаева қатысты.
Шара барысында судья Н.Е.Кендирбаева ҚР Жоғарғы сотының «Соттағы татуласу рәсімдері» пилоттық жобалардың бірін жүзеге асыру аясында үлкен маңызға ие екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, судьялардың жүктемесін азайту мақсатында татуластыру рәсімдерін қолдануға болатын даулар бойынша мәселелерді талқылады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар татуластыру рәсімдері институтын дамыту бойынша өз пікірлерін ортаға салды.
Шара соңында қатысушылар көкейлерінде тұрған мәселелерді талқылап, сондай-ақ, сотта татуласу шараларын қалыптастыру үшін өздерінің ұсыныстарын айтты.
[xfvalue_img]