Қылмыстық істе татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша пилоттық жобаны іске асыру

Қылмыстық істе татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша пилоттық жобаны іске асыру

«Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабының 1-тармағы 11) тармақшасына сәйкес 2018 жылдың 2 шілдесінен бастап «Соттағы татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасы Астана қаласының, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аудандық және оған теңестірілген соттарында теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа, жеке айыптау бойынша қылмыстық істерді қарау барысында іске асыру басталды.

Аталған пилоттық жобаны жүзеге асыруға бағытталған процестік әрекеттердің алгоритмі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.Асановтың өкімімен бекітілді.

Алгоритмге сәйкес, жәбірленуші тарабы бар қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ жеке айыптау бойынша істер сотқа келіп түскен соң, тіркеліп, автоматты түрде бөлінеді, кейіннен сот төрағасының резолюциясымен татуластыру рәсімдерін жүзеге асыруға маманданған судьяға бөлінеді.

Іс келіп түскен күні татуластырушы-судья Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 319-бабының 4-бөлігіне сәйкес 5 тәулікке дейінгі мерзімде, ал жеке айыптау істері бойынша 3 тәулікке дейінгі мерзімде тараптарға шақыру жібереді. Шақыруда тараптар сотқа қылмыстық істің келіп түскендігі, олардың істі татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы шешу құқығы, медиацияның артықшылықтары, сонымен қатар істі сотта қараудың және сот үкімін орындаудың құқықтық салдарлары түсіндіріледі.

Егер тараптардан татуласу туралы өтініш келіп түссе, судья істі өзінің өндірісіне қабылдап, татуластыру рәсімін қолданатын күнді тағайындап, тараптарға оның өтетін күні мен уақыты туралы хабарлайды. Ал татуластыру рәсімдірінің түрін тараптар өздері таңдайды.

Тараптардың татуластыру келісімін немесе кәсіби медиатордың қатысуымен медиациялық келісімді бекіту кезінде, судья келісім шарттарының медиация туралы заң мен қылмыстық заңнаманың талаптарына сәйкестігін тексереді.

Егер тараптар татуластыру рәсімін қолданудан бас тартса немесе жоғарыда көрсетілген мерзімге дейімге сотқа келмесе, судья бес күндік мерзімнің аяқталуына кем дегенде бір тәулік уақыт қалғанға дейін істі автоматты түрде бөлінген алғаш судьяға береді.

Автоматты түрде бөлінгеннен кейін істі алған судья ҚПК-тің 319, 409-баптарына сәйкес шешім қабылдап, қылмыстық істі өндіріске қабылдау және оны жалпы немесе қысқартылған тәртіппен қарау туралы қаулы шығарады.

Сот отырысы барысында төрағалық етуші судья тараптардың татуласу келісімін немесе кәсіби медиатордың қатысуымен медиация бекіту арқылы бітімгершілікке келу мүмкіндіктерін қайта түсіндіреді.

Татуластыру рәсімдері іс жүргізудің кез келген сатысында қолданылуы мүмкін.

 

 

А.С.Мұсабеков

                               Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының судьясы                                                 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.