Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңыңда
Тәуелсіздігіміздің отыз жылы ішінде сот жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырап, өз дамуына қол жеткізді.
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекетіміздің қалыптасуының басынан бастап елде биліктің Сот тармағына және сот төрелігін жүзеге асыруға ерекше мән берді.
Республикада «Әділ сот» құрудың басты мақсатына жету үшін көптеген маңызды қадамдар мен реформалар жасалды.
Осы жылдар ішінде Президенттің Жарлығы ретінде арнайы нормативтік құқықтық актілер қабылданды, 1995 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы қолданыстағы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңымен алмастырылды.
Бұл заңдардың негізі 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Ата Заңымыз болды.
Судьялар үшін Конституцияның қабылданған күні ерекше маңызға ие және кәсіби мереке ретінде қабылданады.
Елбасы белгілеген «тәуелсіз және әділ сот» эталоны заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізуді талап етті.
1994 жылғы Құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 2002 және 2009 жылдардағы Құқықтық саясат тұжырымдамасы бөлек қабылданды.
Елімізде алқабилер соттары мен мамандандырылған соттар (ауданаралық экономикалық, әскери, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі, әкімшілік, тергеу, әкімшілік соттар, қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттар) пайда болды.
2021 жылдан бастап азаматтар (ұйымдар) мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды қарайтын әкімшілік сот төрелігі мен әкімшілік соттар іске қосылды.
Еліміздің сот жүйесінің дамуы бүгінде жалғасып келе жатқан процесс.
Судьялардың жауапкершілігі арттырылды, олардың тәуелсіздігі қамтамасыз етілді – Жоғарғы Сот жанынандағы Сот төрелігін жүзеге асыру сапасы жөніндегі комиссия құрылды, Сот жюриі Жоғарғы Сот Кеңесіне берілді.
2015 жылдан бастап Жоғарғы Сот Кеңесі соттарды құру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін қамтамасыз ету үшін құрылған, судьялардың тәуелсіздігіне және олардың иммунитетіне кепілдік беретін дербес мемлекеттік орган болып табылады.
Сот кадрларын қалыптастыруға үлкен көңіл бөлінуде, сондықтан судья лауазымына тағайындалудың шекті жасы 30 жасқа дейін ұлғайтылды, іс мәселелерін шешу, әңгімелесу, кандидаттарды полиграфологиялық тексеруден өткізу жүйелері енгізілді.
Сот процесін цифрландыру, Сот кабинетін құру мен оның жұмысы, сот отырысын аудио-бейне жазбаға түсіру, электронды сот ісін жүргізу тұжырымдамасы енгізілгенін айта кету қажет.
Пандемия жағдайында азаматтарымыздың денсаулығына қауіп төндірмей, соттардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін онлайн үдерістер жүйесі дер кезінде енгізілді.
Дауларды шешудің соттан тыс институттарының дамуы соттарға түсетін жүктеменің төмендеуіне әкелді.
Соңғы жылдары медиация және татуластыру орталықтарының не екенін білдік, атқарушылық жазба институты іске қосылды, Төрелік соттар белсенді жұмыс істей бастады.
Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының басым бөлігі соттардан тиісті мемлекеттік органдарға қарауға берілді.
Жақында сот тәжірибесінің бірлігін қамтамасыз етіп, судьялардың жүгін жеңілдетуі тиіс сот төрелігін жүзеге асыруға жасанды интеллектті тарту жобасы таныстырылды.
Бүгінгі таңда сот жүйесінің дамуына, «Әділ және тәуелсіз сот» басты мақсатына жетуге ықпал етуі тиіс тағы да көптеген жобалар іске асырылып жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының төрағасы
Руслан Мәжітов
[xfvalue_img]