Сот билігінің белесі
Тәуелсіздік күні - тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына егемен ел болған күн. Бұл мереке 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдауынан бастау алды.
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, қай салада да ілгерілеу басым болып, толысты. Мұндай жетістіктерді сот құрылымдарынан да байқауға болады. Сот төрелігін тәуелсіз, бейтарап және әділетті жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында облыс орталықтарында мамандандырылған соттар құрылды. 2000 жылы 25 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы қабылданып, сот жүйесіндегі елеулі оқиға болды. Сондай-ақ қылмыстық, әкімшілік, азаматтық заңдар жаңарып, тергеу судьяларының өкілеттіліктері кеңейтілді.
2011 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңын да ерекше атап өткен жөн. Медиацияны қолдану арқылы реттелген даулар саны жылма жыл өсіп келеді. Келісімге келу тәртібі сот процесімен салыстырғанда уақыт және қаражат үнемдеу тұрғысынан өте тиімді.
Бұдан басқа «Түнгі сот», «Отбасылық сот», бітімгер-судья, татуласу орталықтары, медиация кабинеттері, соттардағы фрон кеңселер сияқты бірқатар жобалар да жүзеге асырылып, өз жемісін берді.
Қазақстандық сот институтын дамытуда 5 институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам – Ұлт жоспарын» атап өткен жөн. «100 нақты қадам – Ұлт жоспарының» 11-тармағы сот жүйесінің қызметіне арналған.
Қорыта келе, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылында сот саласы жан-жақты дамыған құқықтық институтқа айналды.
Г.Әбдіғалиқызы, Жаңақала аудандық сотының бас маманы.
[xfvalue_img]
13 пікір