Сот бұйрықтарын шығару және олардың күшін жою туралы
ҚР АІЖК 139-шы бабымен сот бұйрығы өндіріп алушының арызы негізінде шығарылатын сот актісі болып табылатындықтан, бұл қажет іс жүргізу талаптарына жауап беретін тиісті элементтерден құралуы тиіс болып келеді. ҚР АІЖК 146-шы бабында сот бұйрығының мазмұнына қойылатын талаптар тізімі берілген. Осы тізімді шолып қарасақ, сот бұйрығында:
1) жүргізілетін істің нөмірі және бұйрықтың шығарылған күні;
2) соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі және аты-жөні;
3) өндіріп алушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе, егер өндіріп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не бірыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер, банк реквизиттері мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
4) борышкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, оның жұмыс орны туралы мәліметтер және жұмыс орнының банк реквизиттері (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса), оның банк реквизиттері мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не бірыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса), банк реквизиттері мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
5) талапты қанағаттандыруға негіз болған заң;
6) өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе оның құны көрсетіле отырып, талап етілуге жататын мүліктің белгіленуі;
7) егер оны өндіріп алу заңмен немесе шартпен көзделсе, тұрақсыздық айыбының мөлшері;
8) борышкерден өндіріп алушының пайдасына немесе жергілікті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың сомасы;
9) сот бұйрығына шағым берудің мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.
Кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығында борышкердің туған күні мен туған жері, оның жұмыс орны, оларды күтіп-бағуға алимент алып берілетін әрбір баланың аты мен туған күні, борышкерден ай сайын өндіріп алынатын төлемдердің мөлшері және оны өндіріп алудың мерзімі көрсетіледі. Осыған сәйкес, алимент өндіру мерзімі жөнінде бұйрық мәтініне «кәмелетке толғанға дейін» деген жазба енгізіледі.
ҚР АІЖК 147-ші бабының 1 бөлігіне сәйкес, сот бұйрығы шығарылғаннан кейін судья оның көшірмесін дереу борышкерге жібереді. Жөнелту пошта арқылы жасалатындығы, жөнелтуші (сот) бұйрықтың көшірмесі алынғандағы туралы (пошта қызметі арқылы) хабардар етілуі – аталған баптың нормативтік талаптарына сәйкес болып табылады. Осы баптың 2-ші бөлігі бойынша борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімде байланыстың кез келген құралдарын пайдалана отырып, мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын бұйрық шығарған сотқа жіберуге құқылы.
Азаматтық іс жүргізу құқығында (түрлі қайнар көздерде және бір заңның ішінде) әр түрлі мағынаны білдіретін бірдей терминдер жиі қолданылады. Мысалы, ҚР АІЖК 169-1 бабының 4 бөлігінің 3 тармақшасында «мәлімделген талаптың мәні бойынша қарсылықтар» деген тіркес қолданылған. Бұл жерде жауапкердің талапқа қарсы пікір білдіруге құқығы бар екендігін заң ережелерінен байқауға болады, яғни бұл әрекет талап қою тәртібімен қаралатын азаматтық істер бойынша жасалады.
Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымның көшірмесі оны шығарғанан кейін үш күннен кешіктірмей тараптарға жіберіледі. Соттың бұл әрекеті тараптардың мәлімделгендігін қамтамассыз етуге бағытталған. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымға шағым беруге және наразылық кетіруге болмайды.
Сот бұйрығы атқару құжаты болып табылғандықтан, ҚР АІЖК 149-шы бабының 1 бөлігіне сәйкес,егер заңда белгіленген мерзімде борышкерден сотқа қарсылық келіп түспесе, бұйрық өндіріп алушының қолына береді. Сот бұйрығы өндіріп алушы оны орындауға тапсыру үшін соттың мөрімен куәландырылады. Өндіріп алушының өнуі бойынша сот бұйрығы орындауға тікелей соттан жіберілу мүмкін.
Жергілікті бюджеттің пайдасына борышкерден мемлекеттік бажды өндіру үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығының жеке данасы орындауға тікелей соттан жіберіледі. Бұл жеке дана бұйрық атқарушылық өндірісін қозғауға негіздеме болады, себебі бұл іс жургізуде өндіріп алушы арыз беруші емес, мемлекет, ал өндірілген баж сомасы мемлекет кірісіне өтеді.
Бұл баптың 9 тармағында заң шығарушы «сот бұйрығына шағым берудің мерзімі мен тәртібі» сөз тіркесін қолданған, бірақ судьяның бұл актісіне тікелей іс жүргізушілік түсінік бойынша шағым келтірілмейді, ал борышкердің ол бұйрықтың күшін жою туралы өтініші шағым деп аталмайды. Бұл ақпарат борышкерге іздеу салған жағдайларда қажет болады.
Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы А.Каиров
[xfvalue_img]
1 пікір