Әкімшілік процестегі хабарлама (хабархат)

Әкімшілік процестегі хабарлама (хабархат)

2021 жылдың 1 шілдесінен бері қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының  жаңа Әкімшілік рәсімдік- процестік кодексінің 113-бабына сай,  сотқа келіп түскен әкімшілік істерді сот өндірісіне қабылдағаннан кейін, сот отырысының  хатшысы    Әкiмшiлiк іске қатысушы тараптарды  істі сот талқылауына тағайындауға, мәселені алдын ала тындауға тағайындау  өткiзілетін уақытымен орыны туралы хабардар етеді.

      Әкімшілік процеске қатысушыларға істің қаралатын немесе жекелеген процестік әрекеттердің жасалатын уақыты мен орны туралы хабарланады және тиісті ұйғарым шығарылған күннен бастап не сот талқыланатын күн тағайындалған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей хабарламалармен (хабархаттармен) сотқа шақырылады.

      Хабарлама (хабархат) телефонограммамен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабармен, жеделхатпен немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.

      Егер әкімшілік істе көрсетілген мекенжай бойынша адам іс жүзінде тұрмаса, хабарлама (хабархат) оның заңды мекенжайы бойынша немесе жұмыс орны бойынша жіберілуі мүмкін. Заңды тұлғаға арналған хабарлама (хабархат) оның тіркелген орны және (немесе) нақты орналасқан жері бойынша жіберіледі.

      1) хабарланатын адам әкімшілік іс бойынша іс жүргізу процесінде көрсеткен және өзінің қолтаңбасымен растаған ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабар жіберіледі

      2) адамның өзіне жеке немесе онымен бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне табыс етілгені туралы жіберушіге қайтарылуға жататын хабарламаға қолын қойғызып табыс етілетін жеделхатпен, тапсырыс хатпен хабарланған жағдайларда тиісті түрде жеткізілген және анық болып есептеледі.

      Заңды тұлғаға арналған хабарлама (хабархат) заңды тұлғаның басшысына немесе жұмыскеріне табыс етіледі, ол өзінің тегін, аты-жөні мен лауазымын көрсете отырып, табыс етілгені туралы хабарламада (хабархатта) хабархатты алғаны жөнінде қол қояды;

      Кез келген басқа хабарлама (хабархат) процестік әрекеттерді жүргізу және шешімдер қабылдау үшін жеткілікті деп есептелмейді.

      Әкімшілік процеске қатысатын адамдар процестік және өзге де құжатта әкімшілік іс бойынша іс жүргізу барысында өзі бұрын ерікті түрде көрсеткен тұрғылықты жері (орналасқан жері) мекенжайының, жұмыс орнының, ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің, электрондық мекенжайының анық екендігімен танысқанын өз қолтаңбасымен растайды, ал көрсетілген контактілерге (мекенжайға) жіберілген хабарлама (хабархат) тиісінше және жеткілікті деп есептелетін болады.

       Адресат хабарламаны (хабархатты) қабылдаудан бас тартқан кезде оны жеткізуші немесе табыс етуші адам хабарламаға (хабархатқа) тиісті белгі соғады, ол сотқа қайтарылады. Сот мұндай хабарламаны (хабархатты) тиісінше жеткізілді деп есептеуге құқылы.

      Хабархатта (хабарламада) мыналар қамтылуға тиіс:

      1) соттың атауы мен дәл мекенжайы;

      2) сот отырысы немесе жекелеген процестік әрекет өткізілетін уақыт және орын;

      3) адресатқа хабарланатын әкімшілік істің атауы;

      4) сотқа шақырылатын немесе хабарланатын адамды (тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және адамның тұрғылықты жерін көрсету не хабарлама (хабархат) жолданған органның немесе заңды тұлғаның атауы және оның орналасқан жері, сондай-ақ әкімшілік іс бойынша мәртебесі;

      5) шақырылып немесе хабарланып отырған адам қандай әрекеттерді және қандай мерзімде жасауға құқылы немесе міндетті екенін көрсету;

      6) адресаттың болмауына байланысты хабархатты (хабарламаны) қабылдаған адамның алғашқы мүмкіндік болған кезде оны адресатқа табыс ету міндетін көрсету;

      7) сотқа келмеудің салдары мен келмеу себептерін сотқа хабарлау міндетін көрсету;

      8) хабарламаны (хабархатты) жіберген адамның қолы.

Сотка қатысушы тараптардың әкімшілік іс материалдарына қол жеткізуі

      Әкімшілік істің құжаттары мен материалдарын соттың электрондық сервистерінде орналастыру құжаттарды әкімшілік іске қатысатын адамдарға жіберумен теңестіріледі.

      Соттарда электрондық құжат нысанындағы әкімшілік іс құжаттарымен және материалдарымен танысу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.

    Сотқа қатысушы тараптың сотқа қатысуға өзінің келуі

  1. Әкімшілік процеске қатысушылар сотқа келуге міндетті.

      Сот әкімшілік іске қатысатын кез келген адамның сотқа өзінің келуі туралы өкім бере алады.

  1. Әкімшілік процеске қатысушылар жазбаша нысанда, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында соттың әкімшілік істі олардың қатысуынсыз қарауы және оларға сот актісінің көшірмелерін жіберуі туралы сұрауға құқылы.

        Сонымен қатар Әкімшілік рәсімдік- процестік кодексінің 127 бабында көзделгендей тараптар сотқа тиісті хабардар бола тұра  белгіленген мерзімде белгісіз себептермен сотқа қатыса алмаған, сот талап еткен міндеттерді орындамаған, дәлелдемелерді ұсынбаған жағдайда сот акшалай өндіріп алу түріндегі мәжбүрлеу шарасын  қолдануға құқылы.

 

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы

ПЕРЕЗАТ ТАЯЛИЕВА

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.