Желтоқсан-тәуелсіздік тұғыры.
Тұңғыш Президент күні 2011 жылдың 10 желтоқсанында парламент сенатының толық отырысында қол қойылып бүкіл елден қолдау таба білген мереке.
Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мейрамның маңызы да ерекше. Тарихы да тереңде жатыр. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауы болып өтті. Бүкілхалықтық сайлауда дауыс берушілердің 98,7 дауысына ие болып бірауыздан ел Президенті атанды. Қазақстанның тағдырын өз қолына алған ұлт көшбасшысы, дәл сол жылы 16 желтоқсанда бабаларымыздың арманына айналған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бүкіл елге жариялау бақытына ие болды.
Ол елге тәуелсіздік сыйлаған тұлға ретінде де үлкен құрметке ие. Бұл мерекенің тойлануының өзіндік ұлтқа берері мол. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады. 1 желтоқсан Қазақстанның шежіресінде үлкен мәнге ие, сондықтан аталмыш күннің Тұңғыш Президет күні ретінде тойлануы заңды құбылыс.
ҚР ұлттық рәміздерін бекітіп, еліміздің тағы бір шегесін нақтылай қақты. Ұлттық валютамыз теңгені айналымға шығарып, алға тағы бір қадам жасады. Одан бөлек елдің дамуы барысында, ең алғашқы маңызды болып саналатын өзге елде жүрген қандастарымыздың табаны туған топыраққа тиді.
Елбасымыздың жастарға деген қамқорлығы да ерекше. Ол болашақ жастардың қолында екенін үнемі айтып отырады. Оларды қолдау үшін барын салады. Осы орайда Елбасының өзінің жеке тапсырмасымен «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылып жыл сайын қаншама қазақтың балдары әлемдегі ең атақты жоғары оқу орындарында білім алып келді.
Бүгінде бүкіл елдің қолдануымен сеніміне ие болып, елді сындарлы жолмен болашаққа айқын бастап келе жатқан Елбасымыздың құрметіне тойланатын –Тұңғыш Президент күні біз үшін де өте қадірлі мереке.
А.К. Ахонова
БҚО қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы
[xfvalue_img]
21 пікір