«Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік- процестік кодексінің 24-25 тараулары»
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік- процестік кодексінің 24-тарау соттың шешіміне арналған.
Шешімдердің төрт түрі болады, олар:
- Дау айту туралы талап қою бойынша шешім (оспаривание)
- Мәжбүрлеу туралы талап қою бойынша шешім (принуждение)
- Әрекет жасау туралы талап қою бойынша шешім (о совершении действии)
- Тану туралы талап қою бойынша шешім (о признании)
Сот дауды мәні бойынша шешетін сот актісі шешім нысанында шығарылады. Шешім қысқаша (краткое) нысанда шығарылуы мүмкін.
Шешім әкімшілік істі талқылаудан кейін шығарылады және ауызша талқылау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей дайындалады. Айрықша жағдайларда әкімшілік істің күрделілігі ескеріле отырып соттың шешімі ауызша талқылау аяқталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей дайындалады.
Шешімді шығару күні мыналар болып табылады:
ауызша іс жүргізу үшін (устное производство- с участием сторон) – әкімшілік іс бойынша шешім жарияланған күн;
жазбаша іс жүргізу үшін (письменное производство - без вызова участников процесса ст. 148 ч.1АППК) – соттың шешімінде көрсетілген күн.
Шешім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.
Соттың шешімі кіріспе, сипаттау, уәждеу және қарар бөліктерінен тұрады (вводная, описательная, мотивировочная, и резолютивная часть)
Соттың шешімін түсіндіру туралы мәселені қоспағанда, сот шешімінің кіріспе, сипаттау және қарар бөліктерінің мазмұны, сондай-ақ олардағы анық қате жазулар мен арифметикалық қателерді түзету, қосымша шешім шығару тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің талаптарына сәйкес айқындалады.
Заңды күшіне енген соттың шешімі тиісті мемлекеттік органға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органына, кәсіпорынға, ұйымға, сайлау комиссиясының төрағасына жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген жауаптылықта болады.
Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы м.а. Ақпар Р.М.
[xfvalue_img]