«ҚК-нің 68-бабын қолдану туралы»

«ҚК-нің 68-бабын қолдану туралы»

Тараптарды татуластыру институтын дұрыс қолдану жәбірленушiнiң, арыз берушінің қылмыстық процестегі рөлi мен белсенділігін арттыруға, олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын тез қалпына келтiруге жәрдемдеседi, сонымен бiрге қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған, соңынан жәбiрленушiмен, арыз берушімен татуласу және зиянның есесiн толтыру түрiнде байқалатын оң тәртiбiмен танылған адамдарға адамгершiлiкпен қарауға бағытталған.

      Қылмыстық процесті жүргізуші орган қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға жәбірленушіге және арыз берушіге ҚК-нің 68-бабына сәйкес татуласу құқығын, негіздері мен тәртібін түсіндіруге міндетті.

      Тараптан іс бойынша тараптарды татуластыру үшін медиаторды тарту туралы өтінішхат келіп түскен кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы оны қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес.

      Татуласу процесінде, оның ішінде медиация тәртібімен болашақта залалды өтеу туралы келісімге келу ҚК-нің 68-бабын қолдануға негіз болатын жәбірленушіге келтірілген залал өтелген деп есептеуге жатпайды, ол туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы күдікті мен жәбірленушіге түсіндіруі тиіс.

       ҚК-нің 68-бабының бірінші, екінші бөліктерінің негізінде татуласуына байланысты адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тек жәбірленуші (жеке немесе заңды тұлға) , арыз беруші болған кезде жол беріледі.

      ҚК-нің 68-бабының бірінші немесе екінші бөлігінде көрсетілген адам шын ниетпен өкінсе және қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянның орнын толтырған болса, жәбірленуші, арыз беруші болмаған кезде де ҚК-нің 68-бабының үшінші бөлігінің негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.

      Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық істер бойынша ҚК-нің 68-бабын қолдануға жол берілмейді.

      Кәмелетке толмаған (он төрт жастан он сегіз жасқа дейiнгi) не әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған жәбiрленушiнiң қылмыс жасаған адаммен татуласуы жәбiрленушiнiң заңды өкiлiнiң келiсiмiмен ғана жүзеге асуы мүмкiн.

      ҚК-нің 68-бабының ережелері (Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) ҚК-нің 68-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда қолданылмайды.

      Татуласу туралы арыз тек сотқа дейінгі тергеу кездерiнде және бiрiншi және апелляциялық сатыдағы сотта берiледi. Қылмыстық қудалау органы мен сот, жәбірленушімен, арыз берушімен татуласуға байланысты адамды қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін заңмен көзделген негіздер жиынтығы болған жағдайда, ҚК-нiң 68-бабын қолдану туралы мәселенi талқылауға және қабылданған шешiмдi дәлелдеуге тиiс.

     Егер бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сотта ҚК-нің 68-бабын қолдануға негіз болатын мән-жайлар анықталған, алайда, сот осы заңды заңсыз немесе негізсіз қолданбаған жағдайда, кассациялық сатыдағы сотта ҚК-нің 68-бабының негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жол беріледі.

Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы А.Батырханов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.