Тәуелсіздік жылдары сот жуйесінің дамуы

Тәуелсіздік жылдары сот жуйесінің дамуы

Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін жас мемлекеттің жаңа қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және халықаралық мәртебесіне неғұрлым толық жауап беретін түбегейлі құқықтық реформа жүргізу қажеттігі туындады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында республиканы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекіту мақсаты мықты, тәуелсіз сот билігін қалыптастыруға себепші болды.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында атап өтілгендей, қоғам сот билігінің қызметін толық, объективті және бейтарап жария етілуіне мүдделі, осы мақсатта сот жүйесінің ашықтығы мен айқындығы деңгейін, атап айтқанда, халықтың сот қызметі туралы ақпаратқа неғұрлым кең қол жеткізуін ұсыну арқылы арттыру қажет.

Сот жүйесін дамытудағы маңызды аспект «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру болып табылады.

«Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыру шеңберінде бес институционалдық реформаның ішінде заңның үстемдігін қамтамасыз ету реформасында сот реформасына арналған 11 қадам көзделген.

Бүгінгі таңда сот-құқықтық реформаның маңызды нәтижесі мамандандырылған соттардың құрылуы болып табылады.

Мәселен, бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде ауданаралық мамандандырылған экономикалық, әкімшілік, қылмыстық және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар құрылды; алқабилер соты институты енгізілді; бірқатар тергеу әрекеттерін санкциялау тек соттармен жүргізіледі; 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда Әкімшілік рәсімдік - процестік кодекс күшіне енді.

Медиация институты енгізілді; қазақстандық құқықтық жүйе үшін медиация туралы заңның қабылдануы маңызды кезең болып табылады, ол мемлекеттің азаматтық қоғам институттарының дамуына және құқықтық мемлекет негіздерінің қалыптасуына шын мәнінде ықпал ететіндігін куәландырады.

Медиация тәжірибесі көптеген елдерде сәтті қолданылуда. Оның артықшылығы қақтығысушы тараптардың дауды олардың мүдделерін ескере отырып шешуге мүмкіндік алуында. Бұл әдіс отбасылық-құқықтық, еңбек, тұтынушылық қатынастар саласында, ювеналды әділет саласында өзінің тиімділігін дәлелдеді. Әрбір кезеңге (қадамға) тоқтамай, азаматтар үшін сот жүйесін оңайлату және оның қолжетімділігі рәсімін қалыптастыруға ерекше назар аударғым келеді.

Азаматтардың республика соттарының сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметі туралы, қаралған істер бойынша қабылданған сот актілері туралы, соттарға келіп түсетін шағымдар мен өтініштерді шешудің нәтижелері мен мерзімдері туралы және басқа да көптеген мәселелер бойынша жылдам әрі сапалы ақпарат алу қажеттілігін ескере отырып, Жоғарғы Сот электрондық құжат айналымы жүйесін әзірлеп, енгізді.

Бұл жүйе сот істерін қоса алғанда, кіріс және шығыс хат-хабарларын соттарда автоматтандырылған есепке алуды, оларды осы соттың судьялары арасында автоматтандырылған бөлуді, сот процестерінің бейне және аудиофиксациясын, Жоғарғы Сот пен облыстық, оларға теңестірілген соттар арасындағы бейне байланысты, сот актілерінің және нақты күнге шығарылған өзге де құжаттардың электрондық базасына кіру мүмкіндігін, әрбір судьяның жеке не жеке алынған аудандық сотының не облыстың, сондай-ақ жалпы республика бойынша барлық соттардың жұмыс көрсеткіштерін көру.

Қазіргі уақытта сот ісін жүргізуде инновациялық технологияларды кеңінен қолдану үрдісі бар, олар SMS-хабарламалар жіберу және электрондық пошта арқылы сот процесіне қатысушыларды хабардар ету жүйесі түрінде ҚР Сот жүйесінің интернет - ресурстарын жаңғырту, «Сот құжаттарымен танысу», «Істерді тыңдау тізімі», «Сот кабинеті», «Сотқа шақыру қағазы» сервисін, сондай-ақ сот органдарының Call-орталығын енгізу арқылы іске асырылды.

Республиканың барлық жергілікті соттары «Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне» қатысушылардың құрамына енгізілді.

Құқықтық реттеу тетіктерін жетілдіру перспективалары көп жағдайда құқық шығармашылығы және құқық қолдану процесіне ақпараттық технологияларды кеңінен енгізумен байланысты екені сөзсіз.

Сот жүйесіне деген сенімді арттыру, сот ісін жүргізуді оңайлату, оның жеделдігін, қолжетімділігін дамыту және сот жүйесі қызметіндегі ашықтықты арттыру мақсатында сот төрелігін іске асыру процесіне қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды толық ауқымды енгізу бойынша жұмыс жүргізілді.

Пандемия кезінде соттар бейне-конференц байланыс арқылы сот процестерін сәтті өткізді. Сот процестеріне қатысуды, сотқа шақырылатын адамдарды жедел хабарлауды қамтамасыз ету мақсатында электрондық хабарламалар пайдаланылады, бұл олардың келуін едәуір арттыруға және пошта жөнелтілімдерін төлеуге бөлінетін орасан зор қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.

Сот төрелігі ашықтығының маңызды құрамдас бөлігі соттардың интернет-ресурстары болып табылады. Азаматтар үшін соттардың ресми сайттарында «Істерді тыңдау тізімдері» сияқты модульдер қол жетімді, онда тағайындалған сот отырыстарының кестесімен танысуға болады, «Сот істері жөніндегі анықтамалық» және «Сот актілерінің банкі» сот құжаттарын іздеуге көмектеседі, «Жоғарғы Сот Төрағасының жеке парақшасы, сондай-ақ облыстық және оларға теңестірілген соттар төрағаларының блогтары», олар арқылы азаматтар Сот басшылығына ұсыныстар немесе шағымдар жасай алады.

Сот құжаттарына жедел қол жеткізу «Сот құжаттарымен танысу» сервисі арқылы қамтамасыз етіледі, мұнда пайдаланушы тараптарға ұялы телефонға немесе электрондық поштаға хабарлама түрінде жіберілген логин мен пароль арқылы өз ісі бойынша кез келген іс жүргізу құжатымен таныса алады.

Осылайша, Қазақстанның сот жүйесі бүгінде адал және әділ сот төрелігін барынша қамтамасыз ету үшін оны басқа мемлекеттердің сот жүйелерімен және тұтастай алғанда халықаралық құқықпен оңтайлы өзара іс-қимыл жасау қабілетіне алып келген міндеттерді жүзеге асыруда.

Сарыарқа аудандық сотының судьясы   

Лейла Зинашева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.