Алименттен жалтарған жағдайда

Алименттен жалтарған жағдайда

Жаңақала ауданында ажырасатындар саны жылдан жылға артып келеді. Осыған байланысты алимент мәселесі де өзекті бола түсуде. Себебі қазіргі қымбатшылық заманда жалғызбасты аналарға бала асырау, олардың жағдайын жасау оңай емес. Әкелердің көпшілігі ай сайынғы табысын балаларымен бөлісе бергісі келмейді.

Алименттің кең таралған түрі кәмелетке толмаған балаларына төленетіні, кәмелет жасына жеткен балалардан әке-шешесін асырауға өндірілетін алимент, некеде тұрған ерлі-зайыптының және бұрынғы жұбайлардың бір-біріне төлейтін алименті. Ерлі-зайыпты бір-бірімен келісе алмай ажырасып кетсе де, заңды көрсетілген тәртіппен алимент өндіруге құқылы.

«Неке және отбасы» туралы кодекстің 139-бабына сәйкес, сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-анасынан бір балаға – ата-анасы табысының немесе өзге де кірісінің төрттен бір бөлігі, екі балаға – үштен бір бөлігі, үш және одан көп балаға тең жартысы төленеді.

Десе де судьяның айтуынша, іс материалдарына да қарап, сот тараптардың материалдық, отбасылық жағдайына қарай бұл мөлшерді кемітуі әлде көбейтуі мүмкін.

Іс тәжірибесінде өз баласы үшіін бір тиын да шығарғысы келмейтін әкелер де бар. Сот алимент өндіру туралы сот бұйрығын шығарғанымен оны орындайтындар аз. Жауапсыз әкелерден алимент алудың ең тиімді жолы – жалақысынан ай сайын тікелей ұстап отыру. Яғни жеке сот орындаушылары қаулы шығарып, әкесінің жұмыс орнына жолдайды дасоған сәйкес бухгалтерия ай сайын жалақы түскеннен кейін үш күн ішінде алимент мөлшерін әйелге аударуға міндетті. Осылайша бала 18-ге толғанша жалақысынан ұсталып отырады.

Заң бойынша алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139-бабына сай, ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамауы не кәмелетке толған еңбекке қабілетті адамның өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден үш айдан астам жалтаруы не еңбекке қабілетті адамның еңбекке қабілетсіз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы – алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Гүлдерайым Әбдіғалиқызы, Жаңақала аудандық сотының бас маманы, сот мәжілістерінің хатшысы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.