АЛИМЕНТ ТӨЛЕУДІҢ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ?

АЛИМЕНТ ТӨЛЕУДІҢ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ?

Дамудың даңғыл жолымен жүріп келе жатқан еліміздегі өркенді істердің бірі – мемлекеттік қызметтер көрсетуді оңтайландыру, оны басқа бағытқа сала отырып, дамыту. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып мемлекеттің бірқатар функцияларын жеке салаларға беру жүзеге асуда. Осыған орай құқық қорғау саласында да бірқатар өзгерістер орын алып жатқаны белгілі.

Осы мақсатта «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен ШҚО Әділет Департаменті басшысының орынбасары Е. Қорабаевтың қатысуымен «Әлеуметтік маңызы бар мәселелер: алименттер мен еңбекақыны өндіру» тақырыбында тікелей эфир өтті.

ШҚО Әділет Департаменті басшысының орынбасары Е. Қорабаев:

– Алимент – «Неке және отбасы» Кодексіне сәйкес, бір адамның оны алуға құқығы бар басқа адамға ұсынылатын міндетті ақшалай немесе материалдық асырау қаражаты. Бұл – заң жүзінде бекітілген төлем. Ата-аналар мен балалардың арасында туындайтын ең өткір сұрақтардың бірі – осы алимент төлеу. «Алимент» деп біз көп жағдайда тек ажырасқан әкенің өз баласына төлуге міндетті ақысын айтамыз. Алайда – бұл төлем тек әкеге ғана емес, сонымен қатар анаға да жүктелетін міндет. Баланы асырау – ата-анасының заңмен бекітілген міндеті. Ал алимент өндіруге келгенде ата-анасының некеде болуы, азаматтық некеде немесе ажырасқан болуы мүлде маңызды емес. Қамқорлықтағы немесе патронаттық тәрбиедегі балалар, сондай-ақ асырап алынған балалар да алиментке құқылы. Ажырасу барысында ерлі-зайыптылар баланы асырау туралы өздері келісу керек. Алименттер сол келісім бойынша төленеді. Егер ондай келісім болмаса, онда Қылмыстық Кодекстің 139-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға алиментті ата-анасы сотпен төлетеді. Алименттер ай сайын ата-анасының еңбекақысынан немесе өзге табысынан заңмен белгіленген мөлшерде төленуі тиіс. Атап айтқанда, 1 балаға – табысының төрттен бір бөлігі, 2 балаға – табысының үштен бір бөлігі, 3 және одан да көп балаларға – табысының тең жартысы төленеді. Жұмыс істемейтін борышкердің төлеуге міндетті алимент мөлшері ҚР орта жалақы мөлшерімен есептеледі.

Сонымен қатар Е. Қорабаев еңбекақыны өндіру мәселелеріне тоқталып, заңда көрсетілген талаптарды атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.