2021 жылғы 12 қараша күні болатын Қазақстан Республикасы ӘППК-нің 22 - 23 тараулар бойынша
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдеу процестік кодекс 2021 жылдың 1 шілдеден күшені енді.
Осы кодекстің 22-23 тарауларында – сот талқылауы және жазбаша іс жүргізуді қарастырылған.
Бұл тарауда әкімшілік іс ақылға қонымды, бірақ талап қойылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімдерде қаралады және шешіледі делінген. Ал, аса күрделі әкімшілік істер бойынша бұл мерзім соттың уәжді ұйғарымымен ақылға қонымды, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Соттың бұл ұйғарымдары прокурордың өтінішхаты бойынша шағым жасауға, қайта қарауға жатпайды.
Бірақ кейбір әкімшілік істердің қарау мерзімі қыска. Мысалы, уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексеру қорытындылары бойынша шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына және сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істер оған сот отырысында талқылау тағайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады және шешіледі.
Сондай ақ, әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
Әкімшілік іс бойынша сот жарыссөздерінен кейін сот шешім шығаруға кетеді. Сот шешімнің қарар бөлігін сот отырысының залында жария етеді. Сот шешімінің қарар бөлігі жария етілгеннен кейін төрағалық етуші оны қабылдаудың құқықтық негіздері мен салдарын, шешімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді, шешімнің түпкілікті нысанда жасалған және әкімшілік іске қатысушы адамдар оның көшірмесін ала алатын күн туралы хабарлайды. Егер шешімнің қарар бөлігін жария ету тікелей сот отырысы аяқталғаннан кейін жүргізілмесе, онда төрағалық етуші сот отырысы залындағы адамдарға жария ету күні мен уақытын хабарлауға міндетті.
Сонымен қатар әкімшілік істерді жүргізуінің тағы бір ерекшелікетрі бар. Оның біреуі, істі жазбаша түрде жүргізуі. Олардың жүргізу ұзарту мерзімдері, шағым келтіруі жоғарыда айтылып кеткендей. Бірақ ерекшелігі бар, ол егер бұл істі дұрыс шешу үшін қажет болса, сот өз қалауы бойынша ауызша талқылауға көшуге құқылы. Жазбаша талқылау тәртібімен әкімшілік іс ауызша талқылауды жүргізбестен қаралады. Әкімшілік іс осындай тәртіппен қаралған кезде сот тараптар ұсынған және өз бастамасы бойынша талап етілген дәлелдемелерді зерттейді және олар бойынша шешім қабылданады. Жазбаша талқылау кезінде сот қосымша сол мерзім ішінде өтінішхаттар мен құжаттарды ұсынуға болатын мерзімді тағайындайды.
Сондай ақ, 149-бапта дәлелдемелерді зерттеу ерекшеліктері көрсетілген. Олар, дәлелдемелерді зерттеу, дәлелдеу нысанасы мен шектері жазбаша іс жүргізудің сипаты мен осы бапта белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің нормаларында белгіленеді. Әкімшілік процестің тараптары жазбаша дәлелдемені ұсынған адамдарды қоспағанда, мұндай дәлелдеменің қатыстылығына, жарамдылығына және анықтығына дау айтуға құқылы. Сот жеке процестік әрекетті жасау немесе процестік мәселені шешу үшін ауызша сот отырысын тағайындауы мүмкін. Мұндай сот отырысы жазбаша талқылаудың мәні жол беретін шамада ауызша сот талқылауының қағидалары бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте сот қажетті ақпарат пен дәлелдемелерді жазбаша нысанда ұсынуды талап ете алады. Қажетті ауызша сот талқылауын өткізгеннен кейін жазбаша іс жүргізуді одан әрі жүзеге асыру қосымша ұйғарымдар шығарылмастан жалғасады.
Жазбаша іс жүргізу тәртібімен қаралатын әкімшілік іс бойынша шешім заңда белгіленген және жазбаша іс жүргізу мәніне сәйкес келетін қағидалар ескеріле отырып қабылданады және оған апелляциялық және кассациялық тәртіптермен шағым жасалуы мүмкін.
Баяндамашы судья Каиров А.М.
[xfvalue_img]
25 пікір