Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 7-тарауы. Әкімшілік орган, лауазымды адам және әкімшілік рәсімдерге қатысушылар

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 7-тарауы. Әкімшілік орган, лауазымды адам және әкімшілік рәсімдерге қатысушылар

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 7-тарауында мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсмідерінің жалпы ережелері  көрсетілген.

Кодекстің 36-бабында мемлекеттік органдардың ішкі әкiмшiлiк рәсiмдері 3-ке бөлінген. Олар келесідей:

      1) мемлекеттік сайлау органдарын қоспағанда, төмен тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың жоғары тұрғандарға бағынуы;

      2) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауаптылығы мен мүдделерiнiң теңбе-тең болуы;

      3) мемлекеттiң барлық мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдарының құзыретінің нақты ажыратылуы және келісіп жұмыс істеуі жағдайларында жүзеге асырылады.

       Ішкі бақылау:

      1) жеке қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) орындалуын бақылау болып бөлінеді. Бұл жағдайда орындалуға жататын іс-шаралар қамтылатын жеке қолданылатын барлық құқықтық актілер бақылауға алынады;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуын бақылау болып бөлінеді.

      Әрбір мемлекеттік орган белгілі бір уақыт аралығындағы өз жұмыс жоспарын әзірлейді. Ол туралы Кодекстің 39-бабында айтылып өткен. Ол бойынша мемлекеттік органдар өз қызметін стратегиялық және операциялық жоспарларға, сондай-ақ қажет болған кезде тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады. Ал стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін мемлекеттік органдар өз қызметін тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.

     Сонымен қатар мемлекеттік органның жұмыс жоспары негізінде осы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері өз жұмыс жоспарларын жасайды.

      40-бапқа сай,  мемлекеттік орган өз қызметін ұйымдастыру және ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды.

      41-бап. Мемлекеттік органның құзыреті, өкілеттіктері, функциялары мен міндеттері

  1. Мемлекеттік орган қызметінің нысанасын айқындайтын оның белгіленген өкілеттіктерінің жиынтығы мемлекеттік органның құзыреті деп түсініледі.

      Мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері мемлекеттік органның өкілеттіктері деп түсініледі.

      Мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттік органның міндеттері деп түсініледі.

      Мемлекеттік органның өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыруы мемлекеттік органның функциялары деп түсініледі.

      Мемлекеттік органның құзыреті, өкілеттіктері, функциялары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, өзіне қатысты жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Мемлекеттік органның функциялары стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау функциялары болып бөлінеді:

  • жоспарлы құжаттарды әзірлеу, қабылдау, халықаралық қатынастарды, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар стратегиялық функциялар болып табылады;
  • мемлекеттік функциялардың іске асырылуын нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі функциялар реттеу функциялары болып табылады;
  • жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуге, оның ішінде рұқсаттарды, сондай-ақ оларға қосымшаларды беруге, ұзартуға, қайта ресімдеуге, жаңартуға және Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсаттарға, сондай-ақ оларға қосымшаларға қатысты көзделген басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады;
  • жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік мекемелер қызметінің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және байқау жөніндегі функциялар бақылау функциялары болып табылады.

         Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында өздеріне көзделмеген функцияларды жүзеге асыруына тыйым салынады.

   Мемлекеттiк органдарда лауазымды адамдар жүзеге асыратын, уәкiлеттi лауазымды адамдардың жеке қолданылатын құқықтық актiлерге жеке-дара қол қоюынан, қарамағындағы қызметкерлерге нұсқаулар мен тапсырмалар беруiнен, мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыру жөнiнде өзге де ұйымдық-өкiмдiк шараларды жеке-дара қабылдауынан тұратын қызмет жеке-дара өкiмдiк қызмет болып табылады.

     Шешiмдерi мемлекеттiк органдар мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданатын органдар алқалы мемлекеттiк органдар болып табылады. Алқалы орган қабылдайтын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жауаптылық, шешiмдi қабылдаған кезде қарсы дауыс бергендердi қоспағанда, алқалы органның дауыс беруге қатысқан барлық мүшелерiне жүктеледi.

     Стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарда белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жобалық басқару арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

         Кодекстің  44-бабында мемлекеттiк органдарда қызметтiк құжаттардың қаралуы мен өтуi туралы, 45-бабында ақпарат алмасуға қойылатын талаптар, 46-бабында қызметтік құжаттардың орындалуын ішкі бақылау туралы жалпы ережелері жазылған                                                          Ақмола гарнизоны әскери сотының Бас маманы А.Бадигулова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.