Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 3-тарауы. Әкімшілік орган, лауазымды адам және әкімшілік рәсімдерге қатысушылар

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 3-тарауы. Әкімшілік орган, лауазымды адам және әкімшілік рәсімдерге қатысушылар

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 3-тарауы  әкімшілік орган, лауазымды адам және әкімшілік рәсімдерге қатысушыларына арналған.Ең алдымен әкімшілік рәсімдегі құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілікьі анықтап алған жөн. Кодексте «әкімшілік рәсімде құқықтар мен міндеттерге ие болу қабілеттілігі барлық әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін тең дәрежеде танылады» деп көрсетілген. Ал әкімшілік рәсімде құқықтар мен міндеттерді өз әрекеттерімен жүзеге асыру қабілеттілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін тең дәрежеде танылады.

Осы тарау бойынша 20-бапта әкімшілік орган мен лауазымды адам туралы , оның өкілеттіліктері жазылған. Ол бойынша келесідей:

     Әкімшілік орган, лауазымды адам:

      1) жолданымдарды қабылдайды және тіркейді, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдеседі, формальды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік береді;

      2) әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

      3) әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратады және алады;

      4) әкімшілік рәсімге қатысушыны өткізілетін тыңдаудың орны мен уақыты туралы күні бұрын хабардар етеді;

      5) осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдайды;

    6) әкімшілік актіні осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не олардың өкілдерінің назарына жеткізеді;

    7) осы Кодексте белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тартады;

      8) осы Кодексте көзделген жағдайларда, өз құзыреті шегінде әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жәрдем көрсетеді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалар келіп түскен, қаралған жолданымдардың, хабарлардың, үн қосулардың, ұсыныстардың, сұрау салулардың саны және оларды құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген мерзімдерде және көлемде қарау нәтижелері туралы мемлекеттік құқықтық статистикалық ақпаратты беруге міндетті.

     Ал осы әкімшілік рәсімге қатысушылар ретінде арыз иесі және мүдделі тұлға танылады. Бұл тұста арыз иесі, 22-бапқа сай, әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданымды бір немесе бірнеше тұлға (ұжымдық жолданым) бере алады.

      Егер әкімшілік рәсім жолданымды беру арқылы қозғалған болса, онда мүдделі тұлғалар басталып кеткен әкімшілік рәсімге кірісуге құқылы. Бұл жағдайда көрсетілген тұлғалардың әрқайсысының жолданымы бойынша жеке әкімшілік рәсімді қозғау талап етілмейді.

    20-баптың  2-тармағы  арыз иесінің құқықтары туралы атап өткен. Ол бойынша:

      1) әкімшілік органнан, лауазымды адамнан өзінің әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме алуға;

      2) осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында тыңдалуға;

      3) әкімшілік істі қарау барысында да, қарағаннан кейін де әкімшілік іспен танысуға, үзінді-көшірмелер жасауға және көшірмелерін түсіріп алуға;

      4) өтінішхат мәлімдеуге;

      5) әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым беруге;

      6) әкімшілік орган, лауазымды адам қарап қойған мәселе бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен қайта жолданым беруге;

      7) шағым жасау барысында дәлелдемелер ұсынуға және оларды зерттеуге қатысуға, оның ішінде түсініктер беруге, заттай дәлелдемелер мен өзге де құжаттарды ұсынуға;

      8) егер рәсім оның жолданымы бойынша қозғалған болса, әкімшілік рәсімді тоқтатуға;

      9) әкімшілік рәсімде ана тілінде немесе өзі білетін тілде сөйлеуге, аудармашының көрсетілетін қызметтерін пайдалануға;

      10) осы Кодексте көзделген жағдайларда қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;

      11) өкілінің болуына;

      12) осы Кодексте көзделген жағдайларда өтемақы төлеуді талап етуге;

      13) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген басқа да құқықтарды пайдалануға құқығы бар.

          Демек, әкімшілік орган, лауазымды адам және әкімшілік рәсімдерге қатысушылар туралы әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің осы тарауынан оқып,  біле аламыз.

Ақмола гарнизоны әскери сотының Бас маманы, сот отырысының хатшысы

С.Аманбек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.