ӘКІМШІЛІК ӘДІЛЕТ ИНСТИТУТЫНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

ӘКІМШІЛІК ӘДІЛЕТ ИНСТИТУТЫНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

 

Әкімшілік әділет институты дамыған елдердің көпшілігінде бар. Жария-құқықтық дауларды тиімді шешуге бағытталған бұл институт өзінің қоғамға қажеттілігін әлдеқашан дәлелдеп үлгерген. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, әкімшілік әділетке көңіл бөлінген елдерде мемлекеттік қызметтің жұмысы өнімді. Сонымен қатар, заңдық тұрғыдан қолайлы жағдай жасалған соң қарапайым азаматтар да құзырлы орындарға талап қойып, дауласудан ешқашан жасқанбайды. Мұндай ахуалдың қалыптасуы өз кезегінде мемлекеттік органдар қызметінің сапасын көтеруге ықпал етуде.

Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауында «Азаматтарымыз жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде теңсіздік жағдайда қалып жатады» дей келіп, сот алаңындағы теңсіздікті жою мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде «әкімшілік әділет» құрылымын енгізуді тапсыруы елімізде жаңа институттың пайда болып, жаңа заңнаманың дайындалуын жеделдетті. 

Соның нәтижесінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қабылданды. Осыған орай,  Қазақстанда жария-құқықтық дауларды шешуге маманданған жаңа соттар құрылды. Жаңа соттарға жүктелер жауапкершілік жоғары. Оларды қазіргі әкімшілік соттармен шатастыруға болмайды. Себебі, жаңа соттар мемлекеттік құрылымдар мен жеке және заңды тұлғалар арасындағы дауды қарап, әкімшілік әділетте кездесетін құқық бұзушылықтарға төрелік етеді. Ал мамандандырылған әкімшілік соттар баяғыдай әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі істерді таразылайды.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қарапайым азаматтардың өз құқығының мінсіз қорғалатынына сенімін нығайтатыны анық. Бұл заңнамада Президент Жолдауында берілген тапсырмалардың барлығы ескерілген.

Жоғарғы Сот пен Әділет министрлігі бірігіп дайындаған кодекс қоғам тарапынан ең көп қызығушылық танытқан, сәйкесінше ең көп талқыға түскен заңның бірі. Мұнда мемлекеттік аппаратпен дауласқанда қарапайым азаматтар бетпе-бет келетін олқылықтар тегіс шешілген. Мәселен, Президент «жеке тұлғалардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен

салыстыруға келмейді» дей келе осы теңсіздікті реттеуді, дауларды шешу барысында сот құзыретін кеңейтуді міндеттеген болатын. Соған сәйкес, кодекс судьялар құзыретін кеңейтті. Енді судья қосымша айғақтар жинау бастамасын көтеруге құқылы. Әрі дәлелдемелерді жинақтау міндеті жеке азаматқа немесе бизнеске емес, мемлекеттік органға жүктелетіні нақтыланды. Сонымен қатар, заңнамадағы барлық қарама-қайшылық, дүдәмал тұстың азаматтар мүддесіне жазылуы да халық игілігіне қызмет ететін тетік. Кодекстің жаңашылдығы аз емес. Мысалы бұған дейін еліміздің құқықтық кеңістігіндегі кодекстерде сот ісін жүргізу тараптардың жарыспалылығы негізінде жүзеге асырылғаны мәлім. Яғни, бүгінгі күнге дейін сот процесінде тараптар бастама көтеріп, істің тура таразылануына атсалысатын.                    Теңдей мүмкіндік берілгендіктен тараптар өз дәлелін алға тартып, бір-біріне сұрақ қою арқылы ақиқатқа жетуге күш салатын еді. Ал жаңа кодексте тараптар жарыспалылығына емес, соттың белсенді рөлі қағидатына, судья құзыретін кеңейтуге басымдық берілген. Соған орай енді сот тізгінін өз қолына алған судья тараптарға сауал қойып, қосымша мәліметтер сұратып,    өз бастамасымен істің мән-жайын анықтауға күш салады. Бұл да өз кезегінде сотқа деген сенімді арттырары күмәнсіз.

БҚО, Бөкей ордасы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі                               

Зияш Зайнуллина

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

12 пікір

  1. аватар
    Juli 8 октября 2024 14:04

    үйкеліс күші бар болса механикалық энергия сақтала ма дос-мукасан 16 кыз минус,
    дос-мукасан жыр жазамын журегимнен скачать газон некст полный привод, вираж
    газель цены книги бенди, книга бенди
    читать

    Feel free to surf to my web-site ... 30% күкірт қышқылының ρ =
    1

  2. аватар
    Andreas 14 октября 2024 15:39

    жылап тұрма жұбатып жібер онда, неге сезбедим минус скачать
    тау актобе инстаграм, база отдыха тау актобе ввоз животных в казахстан из россии, перевозка животных
    флай арыстан алмасхан насыров - перзентхана скачать,
    алмасхан насыров - урыскак
    кыз

    Also visit my site ... кішкентай балаға тілек туған күнге

  3. аватар
    Marc 26 октября 2024 05:32

    жеті жарғыны жасауға қатысқан би, жеті жарғыны жасауға қатысқан биді табыңыз бк-строй директор, бк перевести с казахского на русский онлайн бесплатно и правильнотрой 7-20-25 бұрынғы айтыстар, қазіргі айтыс пен бұрынғы айтыстың
    айырмашылығы хит олендер 2022 скачать,
    жолга арналган андер скачать 2022

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.