Заңнама халық игілігіне қызмет етуі тиіс

Заңнама халық игілігіне қызмет етуі тиіс

2020 жылдың 29 маусымында тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қабылданды және ол келесі жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұл заңнама мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың кезекті «Сындарлы қоғамдық диалог–Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деп аталған жолдауында азаматтардың жария-құқықтық дауларда көп жағдайларда теңсіздік қалыптасатын болғандықтан және болашақта ондай жағдайда оң шешім шығарудың ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу жөнінде берген ұсынысы негізінде қабылданған болатын.

 Кез келген заң әуелі халықтың талабын басшылыққа алуы тиіс. Қандайда бір бастама, немесе реформа қолға алынса да, негізгі мақсаты халыққа тиімді, сапалы, тез, оңтайлы қызмет көрсетуге бағытталуы керек.

Жоғарыда атап өткен өзінің жолдауында Мемлекет басшысы билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсірген кезде қарапайым халықтың көп жағдайда теңсіздікке тап болып жататынына назар аударған болатын. Соған сай, қабылданып отырған бұл заңнама мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімін, оларды жүзеге асыратын қатынастарды, сонымен қатар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді. Осы кодекспен мемлекеттік, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, жеке және заңды тұлғалар құқықтық қатынастардың қатысушысы болып табылатындығы айқындалған. Заңнама мемлекеттік аппарат пен қарапайым халықтың арасындағы жария-құқықтық даудағы теңсіздікті болдырмауды, азаматтардың өздерінің мүдделерін қорғауына қосымша мүмкіндіктер мен жеңілдіктерді беруді көздеп отыр.

Болашақта күшіне енетін заңнамада дауларды шешу барысында сотқа қосымша айғақтар жинау бастамасы беріліп, өз кезегінде істің ақ-қарасын анықтау үшін өзінің құзыреті шегінде қажетті анықтамаларды алдыртуға, қосымша дәлелдер сұрату мүмкіндігіне ие болып отыр. Ең бастысы енді дәлелдемелерді жинау міндеті жеке адамға, не болмаса бизнес өкілдеріне емес, мемлекеттік органға жүктелетіні. Сонымен қатар заңнамада барлық қарама-қайшылықтар мен дүдәмал тұстар азаматтардың пайдасына шешілетіндігінде болып отыр.

Кодекс негізгі екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлік әкімшілік рәсімдерге бағытталған. Содан кейінгі бөлік әкімшілік сот ісін жүргізудің заңдық қағидасын реттейді. Сотта әкімшілік іс дау айту, мәжбүрлеу, әрекет жасау, тану туралы талап қоюлар негізінде қозғалады. Сонымен қатар кодексте жария-құқықтық қатынастардан туындаған дауларды бейбіт жолмен реттеу, яғни татуласу рәсімдерін кеңінен қолдану тетіктері де қарастырылған. Тараптар әкімшілік процестің кез келген сатысында судья шешім шығару үшін кеткенге дейін татуласу, медиация, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасай алады.

   Еліміздің ұлттың менталитеті мен озық елдердің тәжірибесі ескеріле отырылып әзірленген жаңа заңнама халқымыздың өз құқығын кедергісіз қорғап, әділдікке деген сенімін нығайтуға негіз болары анық.

 Т.С. Гумарова 

Ақжайық ауданының №2 аудандық

сотының төрағасы                                                      

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.