ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ.
2021 жылы 1-шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік –Процестік Кодексінің қолданысқа енгізіліп әкімшілік сот өз жұмысын бастады.
Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жария - құқықтық қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын,бостандықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақытылы шешу болып табылады.
ӘРПК-нің қабылдану мақсаты - халықтың мемлекеттік билік органдары арасындағы туындайтын дауларын шешу. Өйткені, демократиялық басқару әдісін ұстанған елімізде халық арасында мемлекеттік билік органдарына деген наразылықтары орын алып тұруы қалыпты және заңды үрдіс.
Қарапайым халықпен билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде теңсіздікке түсіп жатады. Өйткені арнайы заң тілімен бір –бірін ұғынбай жататыны белгілі. Сол себепті бұл заң осы теңсіздіктерді реттестіріп, жеке тұлғаның құқығын қорғайды. Қолданысқа енгізіліген жаңа Кодекс мемлекеттік билік органдары қызметінің ашықтығы мен жариялылығы, тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауға, сыбайлас-жемқорлықты жоюға және сот жүйесіне жүктемені азайтады деген ойдамын.
Заңның тағы да бір ерекшелігі - «Татуластыру рәсімдері», яғни дауды медиация, татуласу жолымен шешу рәсімдері кеңінен қолданылады. Егер
тараптар татуласатын болса, онда ол келісім жазбаша түрде жасалады.
Уюмдасова Альмира Асқарқызы
Орал қаласының мамандандырылыған
тергеу сотының жетекші маманы
[xfvalue_img]