Сот жүйесі және мемлекеттік тіл

Сот жүйесі және мемлекеттік тіл

Елбасымыз Судьялардың V cьезінде сөйлеген сөзінде, сот қызметін таразылай келе: «Қазақстанда сот билігі үшін көп іс атқарылды.

Халық судьялар корпусынан соттың заң мен әділдіктің әрқашан сенімді тірегі болатындай жұмыс істеуін талап етуге құқылы» дей келе, «Тәуелсіздік ‑ тәңірдің ұрпаққа берген бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы» екенін айтқан Елбасы, сот жүйесінің де еркін жұмыс істеп, әділетті сот төрелігін жүзеге асыру үшін толыққанды жағдай жасап, өркениетті елдердің озық тәжірибесін меңгеруде барлық құқықтық-заңнамалық негізбен қолдау көрсетіп отырғаны анық.

Тәуелсіздік таңымен бірге туындап, елмен бірге жасасып, бірге қалыптасып, бірге түлеген сот жүйесі бүгінде материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген, рухани жақтан жан-жақты қолдау тапқан орнықты құрылымға айналып, құқықтық мемлекетке лайықты өз мәртебесіне сай жұмыс жасауда», - деп атап көрсетті.

Қазіргі уақытта сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану аясы жыл өткен сайын артып келеді.

Сонымен қатар мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл біздің бір күндік немесе бір кезеңдік іс-шара ғана емес, тәуелсіздігіміз тұғырлы болу жолындағы негізгі бағыттардың бірегейі болуы тиіс.

Сонда ғана діттеген межеге бұрын келеріміз анық.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек.

Бұл күндері қазақ тілінде жер бетінде 15 миллионнан астам адам сөйлейді.

Егер қазақ тілінің түркі тілдер тобына кіретінін, әлемдегі 30-ға жуық түркі тілдерінде 200 миллионға тарта адамның сөйлейтінін ескерсек, қазақ тілін ұғатын, түсінетін, оны ұлтаралық қатынас құралы ретінде пайдалана алатындар саны көбейе түспек.

Қазіргі уақытта сот жүйесінде барлық құжаттар, іс-қағаздар мемлекеттік тілде орындалады.

Сот ісін жүргізу тілі басымдық мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді.

Елбасымыз: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі ‑ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» — деп атап көрсеткен.

Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге оны тұтынушы халықтың салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын, дүниетанымдық ерекшелігін,  ұлттық болмысын, рухани-мәдени байлығын,сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, жеткізуші, жинақтаушы қызметін атқарады.

Осы қасиеттеріне сәйкес қазақ халқының ана тілі - қазақ тіліне мемлекеттік тіл ретінде басымдылық берілетінін негіздеген Ата заңымызбен, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заң» және «Тілдерді қолдану мен дамыту туралы» 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес, қазақ тілі еліміздің бүкіл аймағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болуы тиіс.

Алайда тіл туралы Заңда айдан анық айқындалғанымен, қазақ тілі мемлекеттік басқару тіліне айнала алмай келеді.

Сондықтан да патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе — мемлекеттік тіл мәселесі.

Мемлекеттік тіл — бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. Ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.

Осыған байланысты қоғамдық пікір мен ғалымдардың, зиялы қауым өкілдерінің туған тіл туралы тебіреніске толы толғауларында ұлт пен тілдің біртұтас, бір-бірімен тығыз байланысқан киелі асқақ ұғымдар екеніне баса мән беріледі.

Кеңес үкіметі тұсында Ахмет Байтұрсыновты, Міржақып Дулатовты басқа да ұлт зиялыларын қатты толғандырған осы тіл мәселесі еді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл ‑ қазақ тілі («Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР заңынан үзінді).

Қашаннан да елдіктің қайнар көзі ‑ белгілі бір халық екендігі белгілі. Тарихи тұрғыдан келгенде, қандай болмасын мемлекет әдетте ұлттық мемлекет ретінде пайда болады.

Оның мемлекеттік құрылтайшысы, әрі әлеуметтік базасы белгілі бір этникалық қауым болып табылады.

Тарихи және жалпы азаматтық практикада, бұл солай. Ел болған жерде оның тілі-мемлекеттік тіл болуы керек. Біздің еліміз қазақ елі болғандықтан, мемлекеттік тіліміз де қазақ тілі.

Бұл Ата заңымыздың 7-бабында «тайға таңба басқандай» етіп, мемлекеттік тіл ‑ қазақ тілі деп атап көрсетілген.

Сондықтан да мемлекет өз тілін сақтап, оның қолдану өрісін кеңейту үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту ‑ бүгінгі таңдағы өзекті мәселе.

Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді.

Өйткені тіл — біздің ана тіліміз — Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады.

Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек. 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып ‑ Қазақ тілі белгіленеді.

Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілде еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.

23 бап. Тілді мемлекеттік қорғау

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл және барлық басқа тілдер мемлекеттің қорғауында болады. Мемлекеттік органдар бұл тілдердің қолданылуы мен дамуына қажетті жағдай жасайды.

Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және іс қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңмен көшіруді көздейтін мемлекеттік бағдарламамен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сәйкес білуі қажет кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі терминологиялық және ономастикалық комиссияларды және қажет болған жағдайда басқа да құрылымдарды құрады.

Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады. Қазақстан Республикасының тіл туралы саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Мемлекеттік тіл-тек қазақтың тілі емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлттың ұлтаралық ортақ тілі.

Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі.

Қазақ тілі ‑ батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады.

Бұл тармаққа кіретін тілдер ‑ қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер.

Қазақ тілі — өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің  тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.

Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып,  ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді.

Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен, қазақ тілі ‑ ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ тілінің ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар.

Олай болса қазіргі таңда біздің міндетіміз ‑ осы сөздің, тілдің сынын бұзбай, сырын кетірмей жеткізу, бояу реңкін әлсіретпей, күш-қуатын кемітпеу. Халықтың сөз байлығына ие болумен қатар, сол байлықты кәдеге дұрыс жарата білу.

Елбасы «Қазақстанның болашағы ‑ қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді.

Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бірақ әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық.

Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі — оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.

Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.

Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды.

  Өзінің бағытын нақты ұстанған сот жүйесі жылдар керуенін артқа тастап, жүргізілген тегеурінді сот реформасының аясында биік асуларды бағындырды. Сот жүйесінің негізгі мақсаты азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және  Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Сондықтан да сот алдында сот төрелігін сапалы атқару, әділ шешім шығару аталған құрылымдық жүйенің қоғам талабына сай үнемі жетіліп, оның ілгерілеуіне заманауи тетіктер мен кешенді сот реформаларын жүргізу қажеттілігімен қатар, яғни мемлекеттік тілді өз тұғырына қондырып, қазақ тілінде сот ісін жүргізу мәселесіне де жаппай көшетін қажеттілік туындататын уақыт жақын деп танимыз.

Біз жастар қазірден бастап өз тілімізді жоғалтпауға тырысайық, өйткені «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады».

Тіліміздің тағдыры өз қолымызда, тіліміздің мәртебесін көтерейік!

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының жетекші маманы                                                                  Жанат Копбаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

13 пікір

  1. аватар
    Becky 13 января 2024 02:31

    Hi there! I know this is kinda off topic however , I'd figured I'd ask.
    Would you be interested in exchanging links or maybe guest authoring a blog
    article or vice-versa? My website discusses a lot of the same subjects as
    yours and I believe we could greatly benefit from each other.
    If you happen to be interested feel free to shoot me an e-mail.
    I look forward to hearing from you! Excellent blog by the way!


    Here is my web site; modalert 100 mg
    online snelle levering

  2. аватар
    Manuela 23 августа 2024 14:25

    молитва при проблемах православная видеть во сне мужчину в
    свадебном платье черный пес во сне
    к чему снится
    комплекты артефактов для меча и магии 3 гороскоп на
    18 февраля 2024, гороскоп на 22 февраля 2024

    Here is my web blog какие привороты самые мощные

  3. аватар
    Florencia 10 сентября 2024 00:17

    ворожіння на сірниках значення таро єкатерина нові розклади
    читати сандарська академія магії
    2 онлайн безкоштовно без реєстрації до чого сниться що я говорю в мікрофон

    Feel free to surf to my blog post :: наснився старий двір

  4. аватар
    Renato 15 сентября 2024 06:15

    мыс сөзіне сөйлем құрау, септеулік шылау 5
    сөйлем мың бір түн скачать ерке есмахан, ерке есмахан - неге скачать
    жк терра застройщик, жк терра отзывы воспитание
    в структуре целостного педагогического процесса,
    воспитательный процесс это

    Also visit my blog post :: мақаланы оқуға қалың көпшіліктің қызығушылығын
    тудыратын

  5. аватар
    Chris 16 сентября 2024 04:47

    салмақ бұлшықеттердің қажуына әсері, бұлшық ет түрлері oppo watch 2 алматы, oppo watch
    2 в россии көлеңкені өзгертуге болама слайд, көлеңке қалай пайда
    болады қмж модная подруга модная
    казашка скачать speed up, скачать музыку эталон красоты

    Also visit my website :: ғизатлу деген не

  6. аватар
    April 25 сентября 2024 09:38

    елдер мен аймақтардың экономикалық дамуы мал сатып алу шарты, сатып алу сату шарты презентация биометрические
    данные рк, биометрические данные человека бараат түні
    қашан, бараат түні 2023 қашан басталады

    my web page :: болашақ мұғалім қандай болу керек

  7. аватар
    Candra 30 октября 2024 02:38

    оборудования для пива, оборудование для разливного пива астана грегор мендель қай елдің ғалымы, біркелкілік заңы ұрық қайда пайда болады, ұрық
    қандай болады док кз алматы, idoctor kz

    Take a look at my webpage сөйлеу тілінің даму кезеңдері

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.